Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Университеттің білім беру бағдарламаларымен таныстырды

Университеттің білім беру бағдарламаларымен таныстырды

26 Ақпан 2024

Біздің университетіміздің қабырғасында «ҚМУ» КеАҚ Қоғамдық денсаулық мектебінің оқытушылары «Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі» және «Қарағанды жоғары медициналық интерколледжі»түлектерінекәсіби бағдар аясындағы кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қоғамдық денсаулық мектебінің деканы Дәулетқалиева Ж.А. «Медициналық-профилактикалық іс» үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасының артықшылықтары мен мектептің білім беру бағдарламалары туралы ақпаратпен бөлісті.

Мектеп профессорлары Қалишев М. Г. және Жарылқасын Ж. Ж. түлектердің білім беру бағдарламалары, кәсіптік қызмет салалары мен объектілері туралы ақпаратпен таныстырып, «Қоғамдық денсаулық» және «Медициналық-профилактикалық іс» білім беру бойынша оқытудың қысқартылған нысандарында қабылдау және оқыту ерекшеліктерін атап өтті. 

Ақпараттық материалды таныстырғаннан кейін студенттерге экскурсия барысында университеттің кәсіби кадрларды даярлау мүмкіндіктерімен танысуға мүмкіндік берілді. Олар гигиеналық зерттеулер жүргізудің практикалық дағдыларын игеру және бекіту үшін заманауи жабдықтармен жабдықталған жалпы гигиена және тамақтану гигиенасы бойынша оқу зертханаларына барды. 

Университет кітапханасының аға кітапханашысы Людмила Владимировна Чернявская кітапхананың жабдықталуы, оқу және ғылыми ақпарат алу мүмкіндіктері мен құралдары туралы айтып берді. Кездесу жылы, ерекше атмосферада өтті. Колледж оқушылары университеттің білім беру бағдарламаларына және оларды игеру шарттарына қызығушылық танытты.


0
3704

пікірлер

пікір қалдыру үшін.