Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Халықаралық ынтымақтастықтың шекарасын кеңейту

Халықаралық ынтымақтастықтың шекарасын кеңейту

03 Қараша 2023

Франция президенті Эммануэль Макронның Қазақстанға сапары аясында Астанада қазақ-француз бизнес-форумы өтті, оған "Қарағанды медицина университеті" КеАҚ Басқарма Төрағасы-Ректоры А.А. Тұрмұхамбетова қатысты.

Бизнес-форум барысында «ҚМУ» КеАҚ және Лилль университеті, сондай-ақ ципрево компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Халықаралық ынтымақтастық Қарағанды медицина университетінің негізгі стратегиясы болып табылады.

Қарағанды медицина университеті көптеген жылдар бойы Франция университеттерімен ынтымақтасып келеді. Эрасмус+ бағдарламасының қолдауымен түрлі жобалар, оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығы, Абай-Верн бағдарламасы аясында ғылыми кадрлар даярлау жүзеге асырылуда.

Меморандумдарға қол қою рәсімінде атап өтілгендей, болашақта Лилль университетімен дәрігерлерді даярлау үшін симмуляциялық оқытуды дамыту саласындағы ынтымақтастықты жоспарлап отырмыз. Біздің университеттің симмуляциялық технологиялар орталығы еуропалық медициналық білім беру қауымдастығымен симмуляциялық оқыту саласындағы артықшылық орталығы ретінде танылды. Лилль университетінің симмуляциялық оқыту орталығымен бірлесіп жаттықтырушылар даярланады, студенттер мен оқытушылар алмасу жүзеге асырылады.

Ципрево компаниясымен ынтымақтастық 3 жыл бұрын дүниежүзілік банктің биомедициналық зерттеулерге кадрлар даярлауды дамыту жобасынан басталды. Осы уақыт ішінде біз онкология бойынша бірлескен қазақстан-француз конференциясын өткіздік. Бүгін біздің серіктестігіміз ынтымақтастық туралы Меморандум түрінде ресми растау алды. Біз молекулалық-жасушалық биология және медицина саласында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін клиникаға дейінгі зерттеулердің бірлескен ғылыми зертханасын құру, оқытушылардың ғылыми тағылымдамалары мен алмасуларын ұйымдастыру, ғылыми кадрларды бірлесіп даярлау жөніндегі міндеттерді айқындадық.

Біздің университетте Франция университеттерімен серіктестікті дамыту үшін студенттер мен оқытушыларға арналған француз тілі курстары ашылды. Біз Францияның жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық еліміздің медицина ғылымы мен білімінің дамуына ықпал етеді, елдеріміз арасындағы достық байланысты нығайтады деп күтеміз.


0
2484

пікірлер

пікір қалдыру үшін.