Симуляциялық технологияларды қолдану бойынша біліктілікті арттыру
Бүгінгі
таңда медициналық білім беруде симуляциялық технологияларды қолданудың
артықшылықтары көптеген зерттеулермен дәлелденді және олардың денсаулық сақтау
мамандарын дайындау сапасын қамтамасыз етудегі тиімділігіне күмән жоқ. Болашақ
медицина қызметкері нақты клиникалық тәжірибені бастамас бұрын, ол ұшақ
ұшқыштары симуляцияланған орталарда жаттығатыны сияқты, тренажерларда
дағдыларды қайталап үйренуі керек. Осылайша, 15 жылдан астам уақыттан бері
медициналық білім берудің қазақстандық моделінде симуляциялық технологияларды
пайдалана отырып оқыту жетекші орынға ие болды. Симуляциялық жағдайларда оқыту мен оқу дағдыларын үздіксіз өзін-өзі
жетілдіру мақсатында оқу-клиникалық орталықтардың басшыларына тренинг
ұйымдастырылды.
Симуляциялық сессиялар брифингпен және ашық талқылаулар өткізілді және барлық тренер қатысушыларының тәжірибе алмасуымен болды. Бұл тренингке Қарағанды медицина университетінің, Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің, Астана медицина университетінің симуляциялық орталықтарының басшылары, М.Қозыбаев атындағыСолтүстік Қазақстан университетінің медицина факультетінің директоры, сондай-ақ GEOTARMed (Ресей) өкілдері қатысты.
Бостанова Ж.Б.
СББТО маманы