Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Гастроэнтерологтардың ұлттық конгресіне және шеберлік сыныбына нәтижелі қатысу

Гастроэнтерологтардың ұлттық конгресіне және шеберлік сыныбына нәтижелі қатысу

29 Маусым 2023

22-23 маусымда Астана каласында «Gastro Hepato Transplant News 2023. Аутоиммундық қиылыс: бауыр және ішек. Ішектің қабыну ауруларының өзектілігі. Гепатологиядағы гемостаз» атты Қазақстан гепатологтары/гастроэнтерологтарының VI Ұлттық конгресі өтті.

Съезд аясында постерлік баяндамалар байқауы өткізіліп, нәтижесінде 1-орынға «Біріншілік өт жолдары холангитінің ағымының клиникалық-зертханалық және иммунологиялық ерекшеліктері» постерімен 2-ші оқу жылының резидент – гастроэнтерологы Егізгелдинова Жарғанат мен ішкі аурулар кафедрасының ассистенті Сейсенбекова Айжан Каршығақызы ие болды. Сонымен қатар жүлделі 3-орынды «Ішектің қабыну аурулары бар науқастардағы цитомегаловирус инфекциясы» постерімен 2-ші оқу жылының резидент-гастроэнтерологтары Жарғанат Егізгелдинова, Сабина Ивачёва, Ангелина Кадырова, Айкөркем Чункенеева иеленді .Жеңімпаздар 1-ші және 3-ші орынға сәйкесінше 100 000 және 50 000 теңге ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Біздің ғылыми еңбектеріміз ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі Елена Михайловна Ларюшинаның және облыстық клиникалық аурухананың клиникалық тәлімгерлері: Ирина Анатольевна Лозинскаяның, Надежда Валерьевна Кабдулинаның және Бейсембаева Гүлнар Әмірғалиқызының жетекшілігімен дайындалғанын айта кеткен жөн.

Конгресстің жалғасы ретінде 24 маусымда Ұлттық онкологиялық ғылыми орталығында GHTG.KZ «Гастроэнтерологтар мектебі» аясында «Асцит пен лапароцентездің ультрадыбыстық диагностикасы» тақырыбында мастер-класс өтті. Шақырылған спикер м.ғ.к., «GastroHepatoTransplantGroup Astana» гепатологтар, гастроэнтерологтар және трансплантологтар қауымдастығының вице-президенті, Аахен университетінің ауруханасының дәрігері (Германия) Есмембетов Қахарман Ізбасарұлы болды. 

Мастер-класс барысында резидент–гастроэнтерологтар ультрадыбыстық бақылаумен гепатобилиарлы аймақтың УДЗ және лапароцентез жасау дағдыларын меңгерді.Өткізілген мастер-класс еуропалық ұсыныстарға сәйкес келетін анықтамалық манипуляцияларды көруге мүмкіндік берді. Ұлттық ғылыми онкологиялық орталыққа бару ерекше әсер қалдырды, аталмыш медициналық ұйымның ұжымымен танысу, емхананың құрылымы мен диагностикалық мүмкіндіктерін көру мүмкіндігі болды.

Ішкі аурулар кафедрасы мен Резидентура және біліктілікті арттыру мектебіне жыл сайынғы Республикалық конгреске қатысу мүмкіндігі үшін, сондай-ақ бірегей шеберлік сабағына қатысу мүмкіндігі үшін алғысымызды білдіреміз.


0
3685

пікірлер

пікір қалдыру үшін.