Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тәжірибеге бағытталған клиникалық психология

Тәжірибеге бағытталған клиникалық психология

19 Маусым 2023

2023 жылғы 15-16 маусымда КеАҚ ҚМУ психиатрия кафедрасының доценті, психотерапевт Гурова Людмила Степановнаны еске алуға арналған «ҚР клиникалық психологиясының өзекті мәселелері» атты халықаралық қатысуымен жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференция өтті. Осы жолы гибридті конференция ұйымдастырылды және сол арқылы Қазақстанның басқа өңірлерінен келген психолог-әріптестер үшін өте ыңғайлы болды.

Пленарлық отырыста КеАҚ «Қарағанды медицина университеті» Басқарма төрағасы - ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Тұрмұхамбетова Анар Ақылбекқызы «Жыл сайын қарқын алып, байланысы мен ықпалы күшейіп келе жатқандығын, сонымен қатар, конференцияның практикалық бағдарлануын атап өтіп, құттықтау сөз сөйледі. 

Пленарлық және секциялық отырыстарда Қазақстан мен Ресейдің соматикалық және психиатриялық клиникаларында клиникалық психологтың жұмысын ұйымдастыру туралы көптеген хабарламалар айтылды, баяндамашылар өз білімдерімен, игерілген жаңалықтарымен бөлісті. 15 маусымда өткен алдын-ала конференция аясында 

6 мастер-класс өткізілді - тәжірибелі психологтар үшін қызықты және өзекті мәлелелер айтылды.

КеАҚ ҚМУ-нің психиатрия курсының ұйымдастырушылық жоспарлары бойынша, әрі конференцияға қатысушылардың өтініші бойынша  2024 жылдың мамыр айында қайта жүздесу көпшіліктің қалауы болды.

Неврология, психиатрия және реабилитология 

кафедрасының асс.профессоры

Мациевская Л. Л.


0
1916

пікірлер

пікір қалдыру үшін.