Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Кәсіптік бағдар жұмысы

Кәсіптік бағдар жұмысы

15 Маусым 2023

Университеттің қабылдау комиссиясы 13 маусым күні облыстық денсаулық сақтау бөлімімен бірлесіп, Теміртау қаласында қандас азаматтармен кәсіптік бағдар беру бағытында кездесу өткізіп қайтты. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы РҚБ және КеАҚ "Отандастар қоры" филиалы басшысы, Қарағанды облыстық мәслихат депутаты Меруеш Башай ұйымдастырған бұл кездесуге мектеп түлектері мен ата-аналары қатысты.  Кездесуге келген мектеп түлектері мен ата-аналарды  қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Бағлан Каукербекова Қарағанды медицина университетінде жүзеге асырылатын білім бағдарламаларымен таныстырды.  Мемлекеттік білім грантынан бөлек, «Қазақстан халқына» қоры мен «Өрлеу» бағдарламасы қорынан бөлінентін гранттар және  қандас бауырларға арналған мемлекеттік квота жайлы мәліметтер айтылды. Қарағанды облыстық денсаулық сақтау бөлімі басшысының орынбасары Гүлжан Бекетаевна  жергілікті атқару органдарынан резиденттерге бөлінетін білім гранттары туралы ақпарат берді. Талапкерлер мен ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға  жауап берілді. 


0
1838

пікірлер

пікір қалдыру үшін.