Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Атамекен» қр ұкп рейтингінде көшбасшылықты сақтап тұрмыз

«Атамекен» қр ұкп рейтингінде көшбасшылықты сақтап тұрмыз

31 Қаңтар 2023

«Атамекен» ҚР ҰКП рейтингінде 2022 жылдың қорытындысы бойынша «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ үздіктер қатарында. Қарағанды медицина университетінің бірқатар білім беру бағдарламалары осы рейтингте жетекші орындарда тұр, атап айтқанда:

I орын - «Фармация»

II орын - «Қоғамдық денсаулық сақтау»

II орын - «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»

III орын - «Мейіргер ісі», «Жалпы медицина»

IV орын – «Стоматология».

Рейтинг білім беру бағдарламаларының өзектілігі бойынша ғана емес, сонымен қатар жұмысқа орналасқан түлектердің пайызы, олардың орташа жалақысы, бітіргеннен кейін жұмыс іздеу ұзақтығы бойынша іріктеді.

Қарағанды медицина университеті Фармация мектебінің деканы Лосева Ирина Викторовнаның айтуынша, «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша түлектердің еңбек нарығында сұранысы өте жоғары, біздің түлектеріміз ірі фармацевтикалық компаниялар мен медициналық ұйымдарға жұмысқа орналасады.

«Фармация» білім беру бағдарламасы 2019 жылы халықаралық аккредиттеуден өтті, білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілді. Фармация мектебінде мықты профессорлық-оқытушылық құрам жұмыс істейді, көптеген оқытушылардың фармацевтикалық бағыттар бойынша үлкен практикалық жұмыс өтілі бар, сондай-ақ мектеп оқушыларымен ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Біздің түлектеріміз дәріханаларда, сынақ зертханаларында, фармацевтикалық өндірістерде, фармацевтикалық компанияларда, фармацевтикалық қызметті басқару құрылымында жұмыс істей алады, сондай-ақ магистратурада оқуын жалғастыра алады.

Соңғы 4 жылда Фармация мектебі «Фармация» мамандығы бойынша оқуын бітірген колледж түлектерін сондай-ақ аралас мамандықтар бакалавриат түлектерін қысқартылған оқу мерзімімен «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша оқуға қабылдайды.


0
1094

пікірлер

пікір қалдыру үшін.