Студенттік ғылыми үйірме өткізудің пәнаралық жолы
07 Сәуір 2014
02.04.2013 ж. Қарағанды қаласының қалалық перзентханасында №2 ішкі аурулар мен акушерлік және гинекология кафедраларының қатысуымен пәнаралық ғылыми студенттер ұйымының отырысы өткізілді. Бұл отырыста «Ұрықтың құрсақішілік дамуының тежелуі бар әйелдердің соматикалық жағдайын бағалау және қауіп факторларын болжау» атты жобасы студенттердің ғылыми жұмысының алғашқы нәтижелері баяндалды.
Ұрықтың құрсақішілік даму тежелуімен туған балаларды зерттеу ғылыми жобаның тамаша жалғасы болатынына сенеміз. Отырыстың соңында жобаға балалар аурулары кафедрасының СҒҮ мушелерін де жобаға қатыстыру туралы ой келді. Жалғасы бар..........
№2 ішкі аурулар кафедрасы
0
19352
пікірлер
пікір қалдыру үшін.