Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Дәрігерлерді даярлау және университетті дамыту мәселелері талқыланды

Дәрігерлерді даярлау және университетті дамыту мәселелері талқыланды

20 Сәуір 2022

2022 жылғы 20 сәуірде Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Аликулов Ербол Шымкентбайұлы еліміздің жетекші медициналық ЖОО-ның оқу, ғылыми, клиникалық және тәрбие қызметімен танысу үшін Қарағанды медицина университетінде жұмыс сапарымен келген болатын.

Басқарма Төрағасы–Ректорының м.а. Анар Ақылбекқызы Тұрмұхамбетованың және академиялық жұмыс жөніндегі проректор Виктор Петрович Риклефстың сүйемелдеуіменқонағымыз университеттің кітапхана-баспа орталығында болды, оның жалпы қоры 450 мыңнан астам дананы құрайды және әдебиетпен қамтамасыз ету талаптарына сәйкес келеді.

Студенттерге арналған компьютерлік парк Интернет желісіне қосылған 420 компьютерден тұрады. Wi-Fi аймағы университеттің барлық аумағына таралған. Пайдаланушылар үшін электронды ресурстар залында 2 сканер орнатылған. Интерактивті зал қысқа фокустық проектормен жабдықталған. Студенттер үшін ЖОО-ның барлық ақпараттық ресурстарына қол жеткізе алатын 15 компьютермен жабдықталған ғылыми қызметкер залы жұмыс істейді.

Сондай-ақ Ербол Шымкентбайұлы ұжымдық қолданыстағы зертханасы бар ғылыми-зерттеу орталығының жұмысымен танысты. Танысу сұхбаты барысында атап өтілгендей, 2019 жылы «ҚМУ» КеАҚ республикадағы зерттеу мәртебесіне ие болған бірегей ЖОО-лардың бірі. Бүгінгі таңда ЖОО-да мықты ғылыми база құрылды, бірегей геномдық зерттеулер, іргелі және қолданбалы медицина ғылымының өзекті проблемалары бойынша зерттеулер дамуда. Бұл бағытта университет жақын және алыс шет елдердің беделді ғылыми орталықтарымен жемісті қызмет етуде.

Зертхананың сынаманы дайындау мен кәдеге жарату іс-шараларын қоса алғанда, зерттеулердің толық циклін іске асыруға мүмкіндік беретін қажетті инфрақұрылымы бар жалпы ауданы 490 м2 болатын 11 бөлмесі бар.

Облыс әкімінің орынбасары компьютер сыныбын, акт залын, спорт залын, студенттерге қызмет көрсету орталығын, асхананы, университет мұражайын аралады.

Одан әрі сапар университеттің морфология және физиология кафедрасы мен анатомиялық мұражайы орналасқан оқу орнының Білім беру және симуляциялық технологиялар орталығында (ОЖО) жалғасты.

СБТО директорының орынбасары Д.Б. Айымбетова ЖОО-ның 2017 жылғы симуляциялық бағдарламасы АМЕЕ аккредиттеу комитетінің ASPIRE «Excellence simulation-based healthcare education»марапатына ие болғанын атап өтті. 2018 жылы Қарағанды медицина университетінің практикалық дағдылар орталығы Еуропаның симуляциялық орталықтарының тізіміне енді.

Бүгінгі таңда бакалавриат, интернатура, магистратура, резидентура, докторантура, ТжКБ деңгейлерін ескере отырғанда, университеттегі студенттердің жалпы саны - 7380 адам. Сондай-ақ, Үндістан, Қытай, Армения, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Грузия, Пәкістан, Германия, Әзірбайжан, Египет, Иордания, Йемен, Қырғызстан, Палестина, Польша, Украина елдерінен 1705 шетелдік студент білім алуда.

ЖОО - да 7 мектеп жұмыс істейді: медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық және биомедицина, фармация, мейіргерлік білім, зерттеу, кәсіби даму және резидентура және 1 факультет-халықаралық медициналық. ЖОО құрамында ғылыми-зерттеу орталығы және 19 кафедра бар.

Мамандарды даярлау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина), инженерлік, жаратылыстану, пәнаралық ғылымдар. Оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде бакалавриаттың 10 бағдарламасы, магистратураның 26 бағдарламасы, докторантураның 5 бағдарламасы, резидентураның 35 бағдарламасы, ТжКБ 7 бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

«ҚМУ» КеАҚ-ның үш клиникасы бар: медициналық университет, кәсіби денсаулық, стоматологиялық.

ЖОО Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының және Дүниежүзілік медициналық білім беру Федерациясының «Авиценна» медициналық мектептерінің Директорийіне енгізілген, бірқатар халықаралық қауымдастықтардың және академиялық адалдық Лигасының мүшесі болып табылады.

«Атамекен» ҰКП жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингінде «ҚМУ»КеАҚ Білім беру бағдарламалары үздік оқу орындарының тізіміне әрдайым еніп келеді.

Қарағанды медицина университеті халықаралық ауқымда беделді медициналық білім беру орталығы болып танылды.

Кездесу барысында «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы–Ректорының м. а. А.А.Тұрмұхамбетова мен облыс әкімінің орынбасары Е. Ш. Аликулов болашақ дәрігерлерді даярлау, түлектерді жұмысқа орналастыру, университеттің даму перспективалары мәселелерін талқылады.


0
1617

пікірлер

пікір қалдыру үшін.