Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жаңа Зеландия профессорының онлайн семинарлары

Жаңа Зеландия профессорының онлайн семинарлары

23 Қыркүйек 2020

COVID-19 пандемиясы өзіндік түзетулер енгізді, осыған орай «Қарағанды ​​медицина университеті» КеАҚ-ның клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасы студенттері дәстүрлі оқытуды қашықтықтан жүзеге асыруда. Атап айтқанда, сөз клиникалық фармацевт, Жаңа Зеландиядағы Evidence-Based Network өкілі, Жаңа Зеландия формулярының және Жаңа Зеландия балаларына арналған формулярдың редакциялық директоры, Окленд университеті (Жаңа Зеландия) Фармация мектебінің профессоры Дэвид Вудспен жүргізілетін сабақтар туралы болып отыр.

Биыл шетелдік факультеттің 2 курс студенттеріне арналған оқу бағдарламасы және Қазақстан – Жаңа Зеландия – Үндістан телекөпірі сәтті іске қосылды. 2020жылдың 14-25 қыркүйегі аралығында Webex және Moodle платформалары арқылы қазіргі уақытта Үндістанда орналасқан шетелдік студенттермен он-лайн оқыту өтті. Қашықтықтан оқыту технологияларының арқасында профессор мыңдаған шақырым қашықтықта жүріп, болашақ клиницисттермен дәрі – дәрмекпен қамтамасыз етуді оңтайландыру мәселелері, негізгі дәрілік заттардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасы ерекшеліктері бойынша білімі мен тәжірибесін бөлісе отырып, жүкті, егде жастағы, ілеспелі аурулары бар пациенттердің ерекше топтарында препараттарды пайдалану мәселелерін қарастыра алады. Сабақтарда практикалық компонентке ерекше көңіл бөлінеді, оқытудың белсенді түрлері – CBL қолданылады, сондай-ақ студенттерге оффлайн тәртібінде өзіндік тапсырмалар беріліп, кейіннен Д.Вудспен бағалау және кері байланыс ұсынылады.

Академиялық ұтқырлық шеңберінде профессормен ынтымақтастық үш жыл бойы жүзеге асырылатынын атап өткен жөн, бұған дейін ол резиденттер, интерндер үшін дәлелді медицина және клиникалық фармакологияның өзекті мәселелері бойынша мастер-кластар өткізген, «Медициналық білім беруді интернационалдандыру» медициналық білім беру бойынша IV Орталық Азия ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысқан.

Елдегі және жалпы әлемдегі күрделі және тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, ұтымды фармакотерапия мәселелерінде құзыреттілігі жоғары мамандарды даярлау мәселелерінде профессор Д.Вудспен ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға және нығайтуға үміттенеміз.

Юхневич Е.А. PhD, клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасының ассоциирленген профессоры


0
1824

пікірлер

пікір қалдыру үшін.