Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Диабетті емдеудегі алдыңғы технологиялары жөнінде

Диабетті емдеудегі алдыңғы технологиялары жөнінде

28 Ақпан 2020

2020 жылдың 18-22 ақпанында Мадрид (Испания) қаласында диабетті емдеудегіалдыңғы технологиялары жөнінде 13-Халықаралық конференция өтті (ATTD 2020).

Конференцияға әлемнің 80 елінен 3800 өкіл қатысты. Диабет аясындағы жетекші ғалымдар мен тәжірибеден өтуші мамандар қант диабетінің өзекті сұрақтарын, келешегі мен трендтерін, диагностикалаудағы зерттеудің инновациялық технологияларын, бақылау және емдеу мәселелерін талқылады.

Конференция бағдарламасы пленарлы сессияны, симпозиумдарды, интерактивті және индустриальды сессияны, Е-постерді, қант диабетін бақылау және емдеу үшін арналған инновациялық жабдықтарды қамтыды. 

Қарағанда мемлекеттік университетті м.ғ.к.,доцент, №2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі Ларюшина Елена Михайловна «Association of 1,5-Anhydro-D-glucitol and insulin resistance in type 2 diabetes mellitus patients with ST elevation myocardial infarction» атты тақырыпқа постерлік баяндамамен және «Медицина» мамандығының PhD докторанты Парахина Виктория «The relationship between the level of PAI-1, insulin resistance indicators and the cardiovascular risk in patients with prediabetes» атты тақырыпқа постерлік баяндамаларменмен таныстырды.

Баяндау барысында доцент және докторант диагностика, инсулинрезистенттілік бойынша, кардиоваскулярлы қауіп және науқастардағы диабет алды жағдай мен диабетке байланысты сұрақтарға жауап берді.

Берілген тақырыпқа қатысушылар алынған нәтижелерді талқылау және дискуссиялау түріндетікелей қызығушылық туғызды


0
2064

пікірлер

пікір қалдыру үшін.