Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Менің Қазақстаным» патриоттық әндер байқауы

«Менің Қазақстаным» патриоттық әндер байқауы

09 Желтоқсан 2019

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Туған жер» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында университетіміздің акт залында патриоттық әндер шырқалды. Университет студенттері «Менің Қазақстаным» облыстық байқауына қатысты.

Мұндай әндерді орындау оңай емес, деп бөлісті қатысушылар. Сондықтан олар қойылымдарға өте жауапкершілікпен дайындалды. Бұған дейін барлық университеттерде іріктеу турлары өткізіліп, олар ең жақсы орындаушыларды анықтаған болатын.

Барлық композициялар Отан және тәуелсіз Қазақстанның рухани құндылықтары туралы шырқалды.

Шығармашылық сайыста Қарағанды медицина университетінің студенттерінен басқа Е.А. Бөкетов атындағы ҚМУ, ҚарМТУ, ҚЭУ, ОҚА, «Болашақ» академиясының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, іс-шара аясында көрермендерге шығармашылық үйірмелердің көріністері ұсынылды.

Құрметті әділ – қазылар алқасының құрамынада: «Awa entertainment» продюсерлік орталығының бастығы Капасова, Анара Омарқызы, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қарағанды облысы әкімі аппараты бөлімінің бастығы Жасарова Дәмеш Жанғурбайқызы, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің солисті Қарабаева Асель Кабиденқызы, «Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысышылардың ардагерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Құлжамбеков Шүкіржан Елубаевич, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің концертмейстері және оқытушысы Борисова Елена Аркадьевна орындарды төмендегідей бөлді:

үшінші орынды Бөген Диас иеленді (ҚЭУ), екінші орын — Молдақаш Шыңғыс (КарМТУ), бірінші орын —Есенғұл Айғаным (ҚМУ), Гран-приді  ҚЭУ студенті  Меней Жұлдыз иеленді.

Жетекшісі Ералиева Дана болып табылатын вокал үйірмесінің қатысушылары патриоттық әндер байқауын өткізу идеясына үлкен жауапкершілікпен қарады, оны дайындауға және өткізуге белсенді қатысты.


0
2020

пікірлер

пікір қалдыру үшін.