Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Сапалы зерттеулер мен мейіргер ісін дамытуға арналған жобалардың тәжірибелік материалдарын пилоттау

Сапалы зерттеулер мен мейіргер ісін дамытуға арналған жобалардың тәжірибелік материалдарын пилоттау

16 Қазан 2019

2019 жылдың 7-11 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаев университетінің медицина мектебінде, Қарағанды медицина университеті мен JAMK (Финляндия) қолданбалы ғылымдар университетінің ұйымдастыруымен «Сапалы зерттеулер мен мейіргер ісін дамытуға арналған жобалардың тәжірибелік материалдарын пилоттау» тақырыбында қарқынды шеберлік классы өтті.

Мастер-класс ProInCa жобасының аясында ұйымдастырылды. Мастер-класс барысында мейіргер ісі саласындағы қолданбалы және академиялық бакалаврлар мен магистранттарға арналған материалдар сыналды, сонымен қатар дайындалған оқу материалдарын жетілдіру бойынша ұсыныстар жиналды.

Мастер-классқа медициналық жоғары оқу орындарының, жоғары медициналық колледждердің, колледждердің оқытушылары, сонымен қатар академиялық іс бойынша мамандар қатысты. Қарағанды медицина университетін: академиялық жұмыс департаментінің директоры А.Б. Ташетова, мейіргер ісі кафедрасының оқытушысы И.Б. Меерманова, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының магистранты Ж.М. Қуаныш таныстырды.

Еуропалық серіктестердің ұйымдастырушылары мен үйлестірушілері: Йоханна Хейккиля, PhD, ProInCa жобасының аға кеңесшісі, денсаулық сақтау және әлеуметтік зерттеулер мектебі JAMK қолданбалы ғылымдар университеті, Ханна Хопия, PhD, аға оқытушы JAMK қолданбалы ғылымдар университеті, Альберта Т. (Бетти) Остерхофф, PhD, оқытушы және зерттеуші, мәдени антропология және денсаулық, медициналық зерттеулео мектебі, Hanze қолданбалы ғылымдар университеті, Гронинген (Нидерланды).

Ж.М. Қуаныш

 «Қоғамдық денсаулық сақтау»

мамандығының магистранты 


0
1995

пікірлер

пікір қалдыру үшін.