Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Симуляциалық және білім беру технологиялары орталығының жаттықтырушылары қонақтарды қарсы алады

Симуляциалық және білім беру технологиялары орталығының жаттықтырушылары қонақтарды қарсы алады

14 Қазан 2019

2019 жылдың 12 қазанында симуляциялық және білім беру технологиялары орталығында жаңа оқу жылының басталуына арналған ашық есік күні өтті. Таңертеңнен бастап гастрольге келген қонақтарды орталық қызметкерлері қарсы алды. Экскурсияға Абай қаласындағы №14 мектеп-лицейінің оқушылары, «Дакия» румын мәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жастар қанатының мүшелері, Қарағанды қаласындағы №2 лицей мен №38 гимназияның оқушылары, сонымен қатар Бөкетов атындағы ҚарМУ студенттері қатысты. Барлығы 40 адам болды.

Экскурсия барысында практикалық дағдылардың тренерлері жоғары технологиялық манекендерді, орталықтың барлық интерактивті жабдықтарын көрсетті, тренажерларда базалық жүрек-өкпе реанимациясын өз бетінше жасай алатын көмек алгоритмдерін көрсетті. Студенттер сонымен қатар манекендерге әртүрлі инъекциялар жасай алды. Қонақтар бұл шараны ұйымдастырғаны үшін ризашылықтарын білдіріп, оң пікірлер қалдырды.

Қарағанды қаласында және Қарағанды облысында студенттерге кәсіптік бағдар беру мақсатында тоқсанына бір рет ашық есік күні өткізіледі.

Дархан Исатаев, СББО инженері


0
2153

пікірлер

пікір қалдыру үшін.