Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Білім беру сапасын арттыру мәселелерін талқылады

Білім беру сапасын арттыру мәселелерін талқылады

11 Қазан 2019

Ағымдағы жылдың 4-5 қазанында еліміздің киелі Түркістан қаласында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетінде (Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ) Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігімен (АРТА) бірлесіп ұйымдастырылған білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша ІІІ Орта-Азиялық Халықаралық Форумы өтті.

Форум мақсаты Орта-Азия өңірінде білім бер сапасын арттыру тәжірибесімен алмасу және өзекті мәселелерін талқылау болып табылады.

Форумға 20 елден келген шамамен 600-ге жуық қатысушылар қатысты. Құрметті қонақтар мен спикерлер арасында – Қазақстан Республикасының Сенат және Парламент Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей сияқты елдердің Білім және ғылым министрліктерінің өкілдері болды. Форумның белсенді қатысушылары жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ететін халықаралық еуропалық желілердің, шетел акредиттеу органдарының, шетелдік білім беру ұйымдарының (Бельгия, Венгрия, Германия, Нидерланды, Ресей, Болгария, Чехия, Түркия, Латвия, Молдова), қазақстандық және шетел университеттерінің басшылары, студенттер мен жұмыс берушілер болып табылды.

Пленарлық отырыс пен келесі тақырыптарда панельдік сессиялары өтті: «Білім беру сапасын қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибесі», «Білім сапасын арттыру және ғылымды коммерцияландыру: цифрлық трансмормацияның тенденцияларым мен үрдістері», «Студентке бағытталған білім беру және сапаны бағалау», «АРТА/IAAR – медициналық білім беру сапасын бағалау», сондай-ақ «Академиялық еркіндік жағдайындағы ЖОО-ларды стратегиялық басқару» дөңгелек үстелі.

Біздің университет атынан м.ғ.д., профессор Молотов-ЛучанскийВилен Борисович; м.ғ.к., доцент Ахметова Сәуле Балтабайқызы; м.ғ.к., профессор  Омарқұлов Бауыржан Қаденұлы; PhD, қауымдастырылған профессор Матюшко Дмитрий  Николаевич, сапа менеджменті бөлімінің бастығы Емершина Анар Тиыштықбайқызы қатысты.

«АРТА/IAAR – медициналық білім беру сапасын бағалау» панельдік сессиясында м.ғ.к., профессор Б.К.Омаркулов «Медициналық білім берудегі виртуалды технологиялар» тақырыбында баяндама оқыды, онда «ҚМУ» КеАҚ-да қолданылатын виртуалды технологиялар туралы, «ТАМЕ» жобасы бойынша асқынған қарын диагнозымен виртуалды емделуші туралы, сондай-ақ медициналық қателіктерге жол бермеуге оқыту туралы мәселелер көтерілді.

Education Quality Assurance №3 журналында м.ғ.к., доцент С.Б.Ахметованың Қарағанды медицина университетінде биологтарға бакалавриатта микробиологияны оқытуға арналған «Медициналық ЖОО-да микробиологияны оқыту тәжірибесі» мақаласы жарық көрді.

Халықаралық форум жұмысының қорытындылары бойынша қарарлар қабылданды және қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ форумы аяқталғаннан соң форумның барлық қатысушыларына экскурсия ұйымдастырылды. Түркістан облысы мұсылман елі үшін Меккеге қажылыққа барумен теңесетін киелі, қажылық мекенімен атағы шыққан. Форум арқасында бізге тек білім мен тәжірибе алу мүмкіндігімен қоса, ежелгі Отырар қалашығына, Арыстан-баб кесенесі мен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне саяхат жасау бақыты бұйырды, ата-бабаларымыздың тарихына көз жүгірттік. 


0
2421

пікірлер

пікір қалдыру үшін.