Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Мерейтойлық конференция РОСМЕДОБР 2019

Мерейтойлық конференция РОСМЕДОБР 2019

10 Қазан 2019

2019 жылдың 2-5 қазан айында  Ресей Федерциясының Санкт-Петербург қаласында «РОЗМЕДОБР-2019» Х халықаралық конференциясы және «Медицинадағы оқытудың инновациялық технологиялары» мен  медицинадағы симуляциялық оқытудың Ресейлік қоғамының «ROSOMED-2019» VIII съезді болып өтті... Іс-шара Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі мен Халықаралық медициналық білім беру қауымдастығының  (AMEE) қолдауымен өтті.

Конференцияға «Бастапқы мамандандырылған аккредиттеудің модельдеу кезеңін ұйымдастыру», «Симуляциялық оқытуды жетілдіруде жетістікке жету» баяндамаларымен «ҚМУ» КеАҚ академиялық жұмысы жөніндегі проректоры Риклефс Виктор Петрович қатысты. «Симуляциялық және білім беру технологиялары орталығының директоры Кемелова Гулшат Сейтмұратқызы «ОҚКЕ-нің алуан түрлілігі. «ҚМУ» КеАҚ-ң 12 жылдық тәжірибесі» атты баяндама жасаса, ал резидент Заровный Кирилл Владимирович «Оқу процесінде Anatomage Table қолдану тәжірибесі» атты баяндама жасады. Біздің оқу процесінде симуляциялық технологияларды қолдану бойынша жасалған баяндамалар тыңдаушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды.  

Мерейтойлық конференцияның «Спикерлердің жұлдызды құрамына» :

- Профессор Рональд М. Харден (Ronald M. Harden),, Медициналық білім беру халықаралық ассоциациясының (AMEE) құрылтайшысы және бас хатшысы, медициналық білім беруде бірқатар жалпы әдістердің, соның ішінде OҚКЕ авторы,

- Профессор Тревор Гиббс (Trevor Gibbs),, AMEE президенті, ТМД елдеріндегі AMEE дамыту жөніндегі директоры,

- Дэвид Тейлор (David Taylor), Галф медициналық университетінің медициналық білім беру профессоры,

- доктор Абдулазиз Бокер, Клиникалық дағдылар және симуляциялық технологиялар орталығының директоры, Сауд Арабиясы, Джиддадағы Кинг Абдул-Азиз университетінің жанындағы медицина колледжі және ауруханасы жанындағы анестезиология және қарқынды терапия кафедрасының профессоры,

- Улумбекова Гузель, денсаулық сақтауды басқару саласындағы МВА (Гарвард Т.Х. Чан қоғамдық денсаулық сақтау мектебі) медицина ғылымдарының докторы, Бүкілресейлік халық майданы (ONF) денсаулық сақтау және денсаулық сақтау саласындағы орталық штабының сарапшысы кірді.

  Конференцияның негізгі тақырыптары: үздіксіз медициналық білім және мамандарды аккредиттеу тәжірибесі, симуляциялық жабдықты пайдалану тиімділігін арттыру, құзыреттіліктер мен практикалық дағдыларды дамыту.

  Рональд Харденнің «Білім беру шеберлігі: маңызды даулы, нақты аспектілері» атты баяндамасы және Тревор Гиббстің «Бағалауға дұрыс көзқарас: кейбір қарапайым ережелер» атты баяндамасы ең әсерлі дәрістердің бірі болды.

Виктор Риклефс,  «ҚМУ» КеАҚ,

Гульшат Кемелова,  «ҚМУ» КеАҚ,

Кирилл Заровный,  «ҚМУ» КеАҚ.


0
2186

пікірлер

пікір қалдыру үшін.