Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Науқастардың қауіпсіздігі Жаңа Зеландия профессорымен талқыланды

Науқастардың қауіпсіздігі Жаңа Зеландия профессорымен талқыланды

27 Қыркүйек 2019

Қыркүйек айының екінші жартысында біздің медициналық университетте клиникалық фармацевт, Жаңа Зеландиядағы Evidence-Based Network өкілі, Жаңа Зеландияның формулярының редакциялық директоры, Окленд университетінің Фармация мектебінің профессоры Дэвид Вудс болды.

  Профессор ҚР аумағында белсенді педагогикалық және ғылыми қызмет жүргізеді, Қазақстандық Ұлттық формулярдың клиникалық кеңесшісі, SNOMEDCT клиникалық дамуы бойынша интернационалдық жұмыс тобының мүшесі, денсаулық және қауіпсіздік сапасын бағалау бойынша кеңесшілердің медициналық сараптамалық тобының мүшесі (MSEAG) болып табылады. Ол ҚР ДСМ РДСДО-мен, Қазақстанның клиникалық фармакологтар қауымдастығымен ынтымақтасады, клиникалық фармакология және фармация бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады.

  Девид Вудстың бұл сапары клиникалық фармакологияның жалпы мәселелерінің аспектілерін қоса алғанда, амбулаториялық тәжірибедегі  өзекті аурулардың ұтымды фармакотерапия мәселелеріне арналған. 2019 жылы 17 қыркүйекте ДДҰ жариялаған Дүниежүзілік науқастардың  қауіпсіздігі күні тарихында тұңғыш рет «Жалпы тәжірибе дәрігері» мамандығының 6 курс студенттерінің қатысуымен семинар өтті, онда науқастардың қауіпсіздігі мәселелері талқыланды. ДДҰ мәліметтеріне сәйкес, жыл сайын табыс деңгейі төмен және орташа елдерде теріс салдарға әкеп соғатын 134 млн дәрігерлік қателіктер мен қақтығыстар тіркелуде (оның ішінде 2.6 млн оқиға науқастардың қайтыс болуымен аяқталады). Сондықтан қазіргі уақытта науқастардың қауіпсіздігі туралы жаһандық хабардарлықты арттыруға, сондай-ақ кәсіби қоғамдастық сияқты науқастардың өздері де іс-әрекеттердің ортақ ынтымақтастығын көтермелеуге ықпал ету қажет.

  Бұл профессордың Қарағанды медицина университетіне алғашқы сапары емес.Бұған дейін ол резиденттер үшін дәлелді медицина және клиникалық фармакологияның өзекті мәселелері бойынша мастер-класстар өткізді, «Медициналық білім беруді интернационалдандыру» медициналық білім беру бойынша IV Орталық Азия ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.

Профессор Д.Вудспен алдағы уақытта да бірлескен зерттеулер мен білім беру бағдарламалары, профессорлар мен студенттермен алмасу және т.б. салаларда ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға және нығайтуға үміттенеміз.

Юхневич Е.А.

PhD, клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасының ассоцияланған профессоры


0
2066

пікірлер

пікір қалдыру үшін.