Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Гистология пәнінен олимпиада

Гистология пәнінен олимпиада

24 Маусым 2019

Оқу жылының соңында ОМ 2 курс (орыс бөлімі) гистология пәні бойынша олимпиада өтті. Олимпиаданың бірінші турына 96 студент қатысты. Әр студентке цитология, эмбриология және жалпы гистология бойынша 20 сұрақтан тұратын тапсырмалар берілді. Әр дұрыс жауап берілген сұрақтар 5 балымен бағаланды. Орындалған тапсырманың жалпы қорытындысы – 100 балл. Орындалған тапсырманың қорытындысы бойынша екінші турға қатысуға 27 адам өтті.

Екінші тур қатысушыларына алты жағдайлық есеп және тіндер бойынша схемалар берілді. Әр дұрыс жауап берілген жағдайлық есептер 10 баллмен, схемалар 20 баллмен бағаланды. Орындалған тапсырманың жалпы қорытындысы – 100 балл. Екінші тур қорытындысы бойынша үшінші турға он студент өтті.

Үшінші тур қатысушыларына алты жағдайлық есептер, тіндерді анықтау және алты гистологиялық препараттардың бояуын белгілеу, «Мен қалай гистологияны табысты меңгеремін» атты тақырыбына эссе жазу. Әр дұрыс жауап берілген жағдайлық есептер 10 баллмен, микропрепараттарды анықтау – 5 баллмен, эссе – 10 баллмен бағаланды.Үшінші тур жеңімпазадары:

Думанова Х., 2-041 топ, 1 орын

Косякова А., 2-042 топ, 1 орын

Кожинова В., 2-041 топ, 2 орын

Ахметзянов А., 2-040 топ, 3 орын

Тайжанова А., 2-039 топ, 3 орын

Лукашевич А., -035 топ, 3 орын

Олимпиада жеңімпаздарына мақтау қағаздары ұсынылды. Эссе пәнді меңгеруде маңызды болып табылады, студенттер гистологияда микропрепарaттарды, тіндердің микроскопиялық құрылысын, клиникалық пәндерді үйренеді.

Олимпиаданы өткізу және материалдарды дайындауға жауапты морфология және физиология кафедрасының профессоры Г.У. Жанайдарова. Олимпиаданың өтуіне белсенді түрде ат салысқан асc. профессорлар С.К. Джумабаева, Р.Ж. Есимова, профессор ассистенті Б.Х. Берикбаева.


0
2898

пікірлер

пікір қалдыру үшін.