Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Еңбек қорғау мәселелеріне назар аудара отырып

Еңбек қорғау мәселелеріне назар аудара отырып

05 Маусым 2019

23-24 мамыр күні Нұр-Сұлтан қ. 9-шы Қазақстандық халықаралық конференция және «Еңбекті Қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік»атты көрмесі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың қатысуымен өтті. Биыл конференция Халықаралық Еңбек Ұйымының жүз жылдығына қарай орайластырылған.

Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіптікденсаулық институты "Қарағанды медицина университеті" КеАҚ-нан  ҚДСКДИ директоры К. М. Түсіпова, "ҚР Кәсіптік аурулар туралы" баяндамасымен сөз сөйлегенҚДСКДИ кәсіптік аурулар клиникасының бас дәрігері, профессор А.Ө. Аманбекова және қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының профессоры Ж.Х. Сембаев қатысты.

Форумда барлығы 4 тақырыптық сессия ұйымдастырылды: жұмыс орындарында жарақаттану мен жазатайым оқиғалардың алдын алу және азайту үшін тиімді жүйелерді енгізу, әлемдік және отандық тәжірибе негізінде Қазақстанның еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласында ақпараттық және цифрлық технологияларды пайдалану және басқалар.

Компаниялар өкілдерінің бірі "Өндірістің экономикалық тиімділігін қамтамасыз етудегі қауіпсіздікті басқару жүйесінің рөлі мен орны" атты тақырыпта мастер-класс өткізді.

Қорытындысында тау-кен металлургия саласы кәсіпорындарында еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің өзекті мәселелеріне арналған "дөңгелек үстел" өткізілді, онда нақты шаралар қабылдауды талап ететін мәселелер талқыланды.


0
2433

пікірлер

пікір қалдыру үшін.