Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҮШТІЛДІЛІК: ӘДІСТЕМЕ, ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ, ПЕРСПЕКТИВАЛАР

ҮШТІЛДІЛІК: ӘДІСТЕМЕ, ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ, ПЕРСПЕКТИВАЛАР

03 Маусым 2019

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының бірқатар жобаларын жүзеге асыру үштілділіктідамытуға сүйенеді. Орыс тілі кафедрасы «Үштілділік: әдістеме, жүзеге асыру, перспективалар» атты аймақтық дөңгелек үстел өткізді. Үштілділікті мектептер мен жоғары оқу орындарында енгізу әдістемесінің өзекті мәселелерін, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру ерекшеліктері мен перспективаларын қаланың инновациялық мектептері мен жоғары оқу орындарының өкілдері талқылады.

Дөңгелек үстел қатысушыларына Қарағанды медицина университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Виктор Петрович Риклефс құттықтау сөз сөйледі. Ол жоғары мектепте, атап айтқанда, Қарағанды медицина университетінде үштілділікті жүзеге асыру ерекшеліктеріне назар аударды. Қарағанды медицина университетінің жастармен жұмыс жөніндегі бас маманы Александр Урмашов университетте «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша қандай жобалар жүзеге асырылып жатқанын айтты.

Дөңгелек үстел контентінің бірегейлігін орта және жоғары білім беру өкілдерінің сұхбаты анықтады. Күрделі мәселені талқылау мектептен жоғары оқу орнына дейін бағдарламаны іске асыру траекториясын қалыптастырды, білім берудің осы екі деңгейінде үштілділік бағдарламасын іске асырудағы әдістемелер мен тәсілдердің сабақтастығын, сондай-ақ олардың айырмашылықтарын бақылауға мүмкіндік берді. Бұл ретте лингвомәдениеттану аспектісіне баса назар аударылды.

Мектептегі көптілді білім беру әдістемесін № 93 гимназия директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Е. В. Юнацкая, осы гимназияның биология пәнінің мұғалімі С. Т. Арконова, Н. Нұрмақов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.А. Темирова, «№ 2 Лицей» КММ директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары, информатика пәні мұғалімі Е.А. Цыберняк ұсынды.

ҚМУ Тілдердің үштұғырлығы департаментінің үштілді білім беру блогының оқытушысы А. А. Әубәкірова, ҚарМТУ-дың орыс тілі кафедрасының аға оқытушылары Б. К. Тұңғышбаева және С. М. Тәжібаева, Е.А.Бөкетов атындағы КарМУ-дың Г.А.Мейрамов атындағы орыс тілі және әдебиеті кафедрасының доценті Г. М. Хаирова және осы кафедраның аға оқытушысы Г. У. Ыбраев жоғары оқу орындарында үштілділіктің қалай енгізілгені туралы айтып берді. «Болашақ» академиясының шет тілдер және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының профессоры Г. Ш. Оразғалиева дөңгелек үстелге қатысушыларды биологиялық терминдердің лингвокультурологиялық компонентпен үштілді сөздігін жасау жобасымен таныстырды. ҚМУ қазақ, орыс тілдері кафедрасының оқытушылары біздің университетте үштілділікті жүзеге асыруда авторлық әдістер мен жаңартпашыл тәсілдердің қолданылуына назар аударды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша білім беру деңгейінде үштілділікті жүзеге асыру тәсілдерін жетілдіруге бағытталған қарар қабылданды.


0
2449

пікірлер

пікір қалдыру үшін.