Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Самарканд – Шығыс маржаны

Самарканд – Шығыс маржаны

30 Мамыр 2019

2019 жылдың 13 мамыры мен 24 мамыры аралығында эпидемиология және жұқпалы аурулар кафедрасының профессоры Ф.М. Шайзадина "Қарағанды медицина университеті" КеАҚ және Самарқанд мемлекеттік медицина институты (СММИ) арасындағы профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында СММИ жұқпалы аурулар, эпидемиология және дерматовенерология кафедрасында болды. СММИ жұқпалы аурулар, эпидемиология және дерматовенерология кафедрасын м.ғ.к., доцент Н.А. Ярмухамедова басқарады.

Ф.М. Шайзадина СММИ-да болған кезеңде мәселелік дәрістер оқып және педиатриялық факультеттің 5 курс студенттерімен «Эпидемиология» пәні бойынша тәжірибелік сабақтар жүргізді. Дәрістер мен тәжірибелік сабақтар көлемі және мазмұны бойынша пәннің жұмыс бағдарламасына сәйкес болды.

Тәжірибелік сабақтар оқытудың интерактивті әдістерін қолданумен, дискуссия, командалық жұмыс, шығын топтардағы жұмыс түрінде, эпидемиологиялық жағдайға негізделген ситуациялық есептерді шешу, кейіннен жұқпалы және паразитарлық арулардың ошақтарында профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды әзірлеумен жүргізілді. Сабақтардың барлық түрі мазмұнды және қызықты өтті. Дәрістер мен тәжірибелік сабақтар кері байланыс сұрақтарымен аяқталды, ол қарастырылған мәселелердің  негізгі сәттерін белгілеуге мүмкіндік берді.

Профессор Ф.М. Шайзадина жұмысы СММИ басшыларымен жоғары бағаланды, "ҚМУ" КеАҚ Басқарма төрағасы – Ректор, профессор Р. С. Досмағамбетованың атына түскен пікір осыны айғақтайды. 

"ҚМУ" КеАҚ және СММИ басшылығына сабақ беру тәжірибесімен алмасуға және кафедралар арасындағы ынтымақтастық үшін жағдай жасауға мүмкіндік бергені үшін алғысымызды білдіреміз.

Қаланың көрікті жерлері бойынша өткізілген экскурсия Самарқанд Шығыстың жарқын маржаны екеніне көз жеткізді.


0
2404

пікірлер

пікір қалдыру үшін.