Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Абуали ибн Сино атындағы Тәжік медициналық университетіндегі академиялық мобильділік .

Абуали ибн Сино атындағы Тәжік медициналық университетіндегі академиялық мобильділік .

20 Мамыр 2019

2019 жылдың 22 сәуірінен 30-шы сәуірі  аралығында академиялық мобильділік бойынша, «ҚМУ» патология кафедрасының  профессоры м.ғ.д. М.М. Тусупбекова Абуали ибн Сино атындағы ТММУ патологиялық анатомия кафедрасында 3 курс студенттері үшін төмендегі тақырыптар бойынша дәріс оқыды. Жұқпалы аурулар бойынша жалпы мағлұмат. ОЖЖ жұқпалы аурулары.  Респираторлы вирусты инфекциялар. ЖИТС. Туберкулёз. Инфекциялықүдеріс. Сепсис. Бактериалық инфекция. Ауа-тамшылы инфекция. Карантинді инфекция. Пре- және перинатальдыкезеңдегі патология. Аса қауіпті инфекциялар.

Дәрісте әр түрлі патологиялық үдерістер көрнекті түрде ұсынылды, материалдардың сапасы жоғары, тіндегі құрылымдық өзгерістерді сипаттайтын макроскопиялық көріністермен және түрлі-түсті микросуреттермен, бұл студенттерге патологиялық үдерістің ерекшелігін көріп, нақты бағалауға мүмкіндік береді. Материалды ұсыну барысында пән аралық және пән ішілік  байланыс аңғарылды. Төмендегі тақырыптар бойынша әріптестеріміз үшін жаңа білім беру түрі болып саналатын белсенді білім беру элементтерін қолдана отырып медициналық және педиатриялық факультеттің студенттеріне арналған тәжірибелік сабақтар өткізілді: «Балалар жұқпалы аурулары», «Сепсис. Туберкулез». Абуали ибн Сино атындағы ТММУ патологиялық анатомия кафедрасының ұжымымен кездесу өтті, меңгерушісі м.ғ.к. доцент Шарипов Х.Ю. Кездесу барысында жоғары оқу орнындағы білім беру формасымен танысты, дәріс және тәжірибелік сабақтар дәстүрлі классикалық тәсілмен өткізілетіндігін айтты. Профессор Тусупбекова М.М. интеграциялық лекцияларды құрастырудғы ерекшеліктер және заманауи оқу әдістері жайлы семинар өткізіп, тәжірибелік сабаққа қатысып,  «ҚМУ» қолданылатын инновациялық білім беру технологиясы аясында өз тәжірибесімен бөлісті. Бұл студенттерге білім берудегі заманауи белсенді әдістерді енізу мақсатында әрі қарай да қарым-қатынаста болсақ деген қызығушылық танытты, сонымен қатар Қарағанды медициналық университетінің құрылу тарихымен және дәстүрлерімен таныстырды.


0
2456

пікірлер

пікір қалдыру үшін.