Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Студенттердің сәтті бастамасы

Студенттердің сәтті бастамасы

15 Мамыр 2019

2019 жылдың 25-27 сәуірінде Қарағанды Медицина университетінде өткен «HEALTH. SCIENCE. TECHNOLOGY» Халықаралық студенттер ғылыми конференциясында «Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенттері Поздняков Павел және Боранбаев Адай «Алкогольдік емес сусындардың студенттер несебінің құрамына әсері» атты ғылыми жұмыстарының нәтижелерін баяндады. Ғылыми жұмыс биохимия кафедрасында қауымдастырылған профессор Е.В. Бурдельная және прфессор ассистенті Е.В. Клочкованың  жетекшілігімен жүргізілді. Әртүрлі топқа бөлінген зерттеуші студенттер апта бойы газдалған сусындардың біреуін: энергетик немесе кола, әлде газдалған су қабылдаған.

Экспериментке дейін және эксперименттен кейінгі несепке жүргізілген  биохимиялық зерттеу нәтижелері энергетик және кола қабылдаған студенттерде зерттеуге дейін болмаған заттардың: протеин, глюкоза, кетондық денелер, уробилиноген, сонымен қатар оксалаттар пайда болып, несептің рН көрсеткіші төмендегенін көрсетті.  Алынған нәтижелерді студенттер берілген сусындардың адам метаболизміне теріс әсерімен негіздеп қорытындылады. Талқылау барысында жұмыс үлкен қызығушылық тудырып, көптеген сұрақтар қойылды. Нәтижесінде жұмыс авторлары 3 дәрежелі Дипломмен марапатталды. Бұл студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының сәтті бастамасы. 


0
2472

пікірлер

пікір қалдыру үшін.