Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ағылшын тілі - гранттар бойынша

Ағылшын тілі - гранттар бойынша

14 Мамыр 2019

Қарағанды медицина университеті Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорыныңекі жылдық ағылшын тілін оқып-үйрену конкурсының жеңімпазы атанды.

Университетіміз 16 үміткердіңішінентаңдапалынғантөртуниверситеттіңбіріболды. Сәуірдің аяғында қордыдың комиссиясы іріктепалған университеттерге барған, соның нәтижесінде ҚМУ жеңімпаз деп танылды. Әкімшілік өкілдері, зерттеу мектебі, стратегиялық даму бөлімі, адам ресурстарын басқару бөлімі, халықаралық ынтымақтастық бөлімі, тілдер үштұғырлығы бөлімі, студенттік сервис орталығы және кітапхана университетке экскурсия ұйымдастырды. Комиссия университеттің жабдықтарын, қызметкерлердің ағылшын тілін үйрету курстарын ұйымдастырудағы ашықтығы мен дайындығын бағалады.

Жыл сайын гранттар саны 160-ды құрайды, оның 90-ы студенттерге, 45-і мұғалімдерге, 25-і PhD, магистранттарға арналған. Ағылшын тілі курстары 2019 жылдың қазан айынан бастап 2021 жылдың мамыр айына дейін 8 ай бойы аптасына екі рет (әрқайсысы 90 минуттан) Bonas Macfarlane Education тілдікорталығының тіл үйретуші оқытушыларыстуденттер үшін General English тобындажәне оқытушылар үшін English for Special Purposes тобындаоқытатынболады.

Екінші жылдың соңында сабаққа қатысу (үй тапсырмасы) және тестілеуден үздіккөрінген (бастапқы, аралық және қорытынды) 20 оқытушы және 15 үздік қатысушы И.В. Шахмарданның есебінен IELTS тестін алуға мүмкіндік алады.

Топтар 2019 жылдың қыркүйек айына жоспарланған мұғалімдердің таңдауы бойынша қалыптастырылады. Өтінімдер жинау туралы толық ақпарат кейінірек жарияланатын болады.


0
2165

пікірлер

пікір қалдыру үшін.