Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жаңартулар - оқу үрдісінде

Жаңартулар - оқу үрдісінде

06 Мамыр 2019

03.05.2019ж. Қарағанды медицина университетінде  оқу үдерісіне PBL, TBL, D-PBL әдістерін енгізу: ағымдағы жағдайы, әрі қарай дамытудағы проблемалары мен болашағы» атты дөңгелек үстел өтті. Осы іс-шараға тьюторлар, бас оқытушылар, кафедра меңгерушілері, мұғалімдер, оқу жұмысы бөлімінің директоры А.Б. Ташетова,  оқу жұмысы бөлімі директорының орынбасары С.Б. Шарапиева, практикалық дағдылар орталығының директоры Г.С. Кемелова, практикалық дағдылар орталығының директорының орынбасарыД.Б. Аимбетова, медицина мектебі деканы М.М. Жанасова, оқу жұмысы жөніндегі проректор В.П.Риклефс, PhD докторанттары, сонымен қатар Жалпы медицина мамандығының  3 және 5 курс студенттері қатысты.  Клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасынан қауымдастырылған профессор Т.В. Ким, патология кафедрасының тьюторы Б.М. Сүлейменова, морфология және физиология кафедрасының профессор ассистенті Е.Х. Батяева, жалпы дәрігерлік практика №2 кафедрасының асситенті А.Р. Бейсенаева баяндама жасады.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылары:

Ø  Проблемалық оқытуды дамытудың оң үрдістерін, командалық-бағдарланған оқыту әдісі, виртуалды пациенттерді пайдалана отырып, медициналық қателігі бар клиникалық жағдайға негізделген шешім қабылдау дағдыларымен проблемалық-бағдарланған оқытуды енгізу;

ØКафедраның штаттық кестесіне тьютор-мұғалім жаңа лауазымын енгізу;

  «Дөңгелек үстелге» қатысушылар бос  микрофон кезінде сөйлесуге, сұрақтар қоюға, өздерінің қызығушылығын тудыратын мәселелер бойынша өз тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік алды.


0
2176

пікірлер

пікір қалдыру үшін.