Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Анатомия білімпаздары» квест-ойыны

«Анатомия білімпаздары» квест-ойыны

06 Мамыр 2019

30 сәуірде Морфология және физиология кафедрасының анатомия бөлімінің студенттік ғылыми үйірмесінің жұмысы аясында «Жалпы медицина» мамандығының бірінші курс студенттері арасында «Анатомия білімпаздары»  атты анатомия пәні бойынша зияткерлік квест-ойын өткізілді. Конкурстың мақсаты: студенттердің логикалық ойлауларын, қойылған сұрақтарға ерекше шешімдерді таба білу қабілеттерін дамыту, ұжымдық сезімдерімен емтихан алдындағы білім деңгейлерін арттыру. Ойынға «Тепличные растения», «Денсаулық», «Mortis», «Разум», «Неттер» атты бес команда қатысты.

Квест-ойын 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең - «Анатомиялық квест», командалар түрлі станцияларда, анатомиялық моделдерде адам ағзасының барлық жүйелеріне қатысты сұрақтарға шешім іздеді. Әрбір жауап белгілі бір QR-кодымен жасырылған.

Екінші кезең - «Капитандар блиц турнирі», мұнда «Kahoot»   бағдарламасының көмегімен командалардың капитандарына анатомия пәнінің барлық бөлімдері бойынша 20 сұрақ қойылды.

Үшінші кезең - «Біз біртұтас жүйе ретінде», командаларға ұсынылған материалдардан жүрек-қантамыр жүйесін шығармашылық түрде модельдеу тапсырмасы жүктелді. Сонымен қатар аталған жүйенің құрылысы мен жұмысын түсіндіру.

Командалар зияткерлік шамаларын, командалық рухты және үйлесімділікті көрсете отырып, барлық міндеттерді жоғарғы деңгейде орындады. Ойынның қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған «Разум» командасы жеңімпаз атанды, абыройлы екінші орын «Денсаулық» командасына бұйырса, үшінші орынға «Mortis» командасы жайғасты. Байқаудың барлық қатысушыларына, сондай-ақ осы іс-шараны ұйымдастыру мен өткізуге қатысқа кафедраның студенттік ғылыми үйірменің мүшелеріне алғыс айтамыз.

Морфология және физиология 

кафедрасының анатомия бөлімі


0
2736

пікірлер

пікір қалдыру үшін.