Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Халықаралық олимпиада

Халықаралық олимпиада

04 Мамыр 2019

2019 жылдың 25-27 сәуір аралығында ҚМУ студенттері Мәскеу қаласында өткен Халықаралық олимпиадаға және конференцияға қатысты. РУДН медициналық институтынның базасында «#SCIENCE4HEALTH2019 Х Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы» өтті. Конференция аясында фармация, стоматология және хирургия бойынша мануальды дағдылар бойынша олимпиада және студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми жұмыстарының ашық конкурсы өтті. Бұл конференцияны RUDN University медицина институтының ғылыми студенттік қоғамы ұйымдастырды. И. М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университетінде «ШЕБЕРЛІККЕ ҚАДАМ» атты халықаралық қатысуымен хирургиялық стоматология бойынша VII Бүкілресейлік студенттік олимпиада өтті.  

«Х ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫН #SCIENCE4HEALTH2019» дәстүр бойынша RUDN University Медициналық Институтының директоры-Абрамов Алексей Юрьевич және терапиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі - Даурова Фатима Юрьевна ашты.

Олимпиадаға Ресейден (Н.И. Пирогова атындағы РНИМУ,ДГМУ,ПСПбГМУ,СПбГУ,СГМУ,ТГМУ,ПГМУ  т.с.с ) 14 түрлі және  Қазақстаннан (ҚМУ) медициналық университеттерінің 3-5 курс студенттері қатысты.

Стоматология бойынша барлығы 5 конкурс ұсынылды:

1. Ғылыми баяндамалар
2. Терапия
3. Ортопедия
4. Ортодонтия
5. Хирургия 

ҚМУ стоматологтары командасының намысын қорғаушылар: Морунов Максим (4 курс), Сакенова Лидара (5 курс), Райхан Оразхан (5курс), Джакупова Жанель (5курс).

Морунов Максим (4 курс студенті, Стоматология) Стоматология бойынша «Ортопедия» байқауына қатысты. «Ортопедия» байқауының нәтижесі бойынша ол 2 орынға ие болып, екінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

Олимпиада қатысушыларына арнайы «Олимпиада сертификаттары» табыс етілді.

И.М. Сеченов атындағы бірінші медициналық Мемлекеттік Медицина университетінда «ШЕБЕРЛІККЕ ҚАДАМ» атты халықаралық қатысумен хирургиялық стоматология бойынша VII Бүкілресейлік студенттік олимпиадада ҚМУ стоматологтары командасының намысын қорғаушылар: Азамат Қонысбаев (5 курс), Темірлан Досжанов (5 курс)

Студенттерге Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі И.М. Сеченов атындағы бірінші МГМУ-де ФГБОУ ректоры, РҒА академигі, профессор, д-р мед. докторы П. В. Глыбочко «Қатысушы сертификатын» табыстады.

Бұл Мәскеуде өткен ең керемет күндер болды. Біз Қарағанды медициналық университетінің студенттері екенімізді мақтан тұтамыз.


0
2531

пікірлер

пікір қалдыру үшін.