Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жоғары оқу орындары арасындағы студенттік ғылыми-практикалық конференция

Жоғары оқу орындары арасындағы студенттік ғылыми-практикалық конференция

30 Сәуір 2019

Қарағанды медицина университетінде «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында «Lingua latina: зерттеудің лингвистикалық және әдебиеттану аспектілері» атты студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция орыс тілі кафедрасымен ұйымдастырылды. Конференция жұмысына Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің, ҚР Ішкі істер министрлігінің  Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының студенттері,  сондай-ақ біздің университеттің студенттері қатысты. 

Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізілді: «Латын графикасы – уақыт талабы», «Латын тілін оқытудың өзекті мәселелері: лингвистикалық, әдебиеттану және лингвомәдени аспектілер».

Конференция барысында пікір алмасып, қазақ тілінің латын графикасына көшуіне байланысты өзекті мәселелер бойынша мазмұнды баяндамалар тыңдалды. Студенттер қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуінің тарихи мәні мен мәселелерін талдап, Қазақстандағы латын жазуының ықтимал салдарларын сипаттап, түркі тілдес елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, латын әліпбиіне көшудің қиындықтары мен перспективалары, қазақ тілінің өзіндік ерекшелігін сақтау үшін латын әліпбиіне көшудің қажеттілігі туралы айтты, қазақ және өзбек тілдеріндегі латын графикасына салыстырмалы талдау жүргізді.

Кәсіптік терминологияның негізінде латын тілі жатқан Қарағанды медицина университетінің студенттері үшін  басқа жоғары оқу орындарынан қатысушылар дайындаған жаңа дәрілік препараттардың атауларындағы латын жиіліктік бөліктері, орыс тіліндегі латын кірме сөздерінің семантикалық өзгертулері, болашақ заңгерлердің кәсіптік құзыретін қалыптастыру құралы ретіндегі латын тілі, А. С. Пушкиннің «Евгений Онегин» романындағы латын ономастикасы туралы баяндамалар өте қызықты болды.

Латын тілі мен латын графикасы мамандықтарының бір бөлігі болып табылатын медицина, құқықтану, филология саласындағы болашақ мамандар Қазақстан үшін латын тілінің маңызын қызығушылықпен талқылады. Өйткені «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы ең алдымен еліміздің болашағы – қазіргі студент жастарға арналған.


0
2356

пікірлер

пікір қалдыру үшін.