Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жобаларды дамыту

Жобаларды дамыту

16 Сәуір 2019

11 сәуірде Қарағанды медицина университетінде ERG Group, AlmaU және Тель-Авив университетінің «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» атты бірлескен бағдарламасын іске асыру аясында «Project Day» жобасын құру бойынша чемпионат өтті.

Бірнеше сағат ішінде университеттің студенттері әр түрлі бағыттарда: медицина, қоғам, экология, қызмет көрсету саласы, ауыл шаруашылық бойынша бизнес-жобаларын әзірледі. Биылғы жылы чемпионатқа университеттің барлық мамандықтарынан 199 студентен құралған 43 команда қатысты. Жобаның ұйымдастырушыларының бірі Бақыт Рысбекованың айтуынша, биылғы жыл қатысушылар саны рекорд жасады. «2017 жылдан бері Қарағанды медицина университеті жобаны белсенді дамытып келеді. Біздің университет – еліміздегі медицина университеттерінің ішіндегі жобаның серіктесі болған және осы жылғы Қарағанды облысындағы жобада қалған жалғыз университет. 3 жыл ішінде осы бағыттағы жұмысқа алғашқы рет қатысушылардың саны едәуір артқаны байқалады, бұл жастардың студенттер арасындағы кәсіпкерлікті және осы үшін жағдай жасаудың қажеттілігін дамытудағы қызығушылықтарының артқандығын көрсетеді» - деп сөзін аяқтады Бақыт Баянқызы.

Чемпионатты ашқан стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Анар Тұрмұхамбетова бүгінгі күні университетте кәсіпкерлік білім беруді енгізу және жастар арасында кәсіпкерлік мәдениетті дамыту үшін көп жұмыс атқарғанын атап өтті.

Жобаларды әзірлеуге қатысушыларға кәсіби тәлімгерлер көмектесті: «Бизнес туралы» ЖШС ОО-ның директоры, бизнес- жаттықтырушы Марина Шиллер, «Z&Co» ЖШС-нің директоры, бизнес - жаттықтырушы Чалгимбаев Азамат, «Coffee like» кофе желісінің директоры Константин Громов, Қарағанды облысының іскер айелдер Кеңесінің төрайымы Жанаргүл Күлмағамбетова. 

Дәстүр бойынша тәлімгер кәсіпкерлік аумағында қажетті дайындықтан өткен Қарағанды медицина университетінің қызметкерлері де болды: әлеуметтік-саяси пәндер және Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Бақыт Рысбекова, стоматология мектебі деканының орынбасары Рымгүл Рақымғали, клиникалық иммунология, аллергология және микробиология кафедрасының оқытушысы Антонина Николаева және медицина мектебі деканатының маманы Раушан Бегимбетова.

Әр команда кәсіби қазылар алқасына бір-бір жобадан ұсынды, қазылар алқасы құрамына: Евразия тобының спичрайтер-сарапшысы Гульмира Матхаликова, «Нәтиже» КТ-ның директорлар кеңесінің төрағасы Ералан Әшім, «Қарағанды медицина университетінің» КеАҚ басқару төрағасы – ректордың кеңесшісі Вилен Молотов-Лучанский, AlmaU кәсіпкерлікті дамыту және инновациялар орталығының жетекшісі Данияр Бексұлтан кірді. Өткізілген презентациялардың қорытындысы бойынша чемпионаттың жеңімпаздары болып «ҚМУ шығармашылығы» (Александр Вольф, Кенжегүл Смайлова, Назира Аятхан, Дос Асанбаев, Айым Маликова – Қоғамдық денсаулық сақтау және фармация мектебі), «Жас бизнесмендер одағы» (Мадина  Иманбаева, Қайнар Еркінбек, Еркін Мирас, Әйгерім Балқыбай - Қоғамдық денсаулық сақтау және фармация мектебі) және «Love yourself» командасының қатысушысы Анна Рыбалкина атанды.

Чемпионаттың жеңімпаздары «Big Ideas Camp» жазғы бизнес-лагерьде оқу құқығына ие болды.

Жастармен жұмыс жасау бөлімі


0
3077

пікірлер

пікір қалдыру үшін.