Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жас зерттеушілерге арналған форум

Жас зерттеушілерге арналған форум

10 Сәуір 2019

Ағылдағы жылдың 1 сәуірінде «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ базасында ҚР Орталық Қазақстан бөлімінің «Шағын ғылым Академиясының» XXXXІХ Конференциясы өтті. Ғылыми форум өткізудің негізгі мақсаты: ғылымды терең зерттеуге қызығушылық танытатын және оқу-зерттеу жұмыстарыны белсенді қатысатын оқушыларды анықтау және қолдау. 

Осы жарысқа қатысуға Қарағанды облысының жалпы білім беретін және арнайы мектептері мен басқа да оқу мекемелерінің 8-11 сынып оқушыларының валеология, биология, химия, экология және медицина бағыттарындағы ғылыми жұмыстары қабылданды. Конференцияда 60-тан астам жас ғалымдар өз баяндамаларын қорғады. 

«Химия» секциясы бойынша 40-қа жуық жұмыс қабылданды, оның 11-і екінші кезеңге өтіп, конференцияда қорғауға жіберілді. Осы секцияның қазылар алқасы құрамына ҚМУ химия және фармацевтикалық пәндер кафедрасының өкілдері кірді: т.ғ.к., профессор асс. Р.К.Сотченко х.ғ.к., ассоциирленген профессор А.С.Махмутова және фармация магистрі, PhD-докторант Е.А.Тулебаев. 

Ұсынылған ғылыми жұмыстардың химия саласының өзекті бағыттарында жаңалығы мен тәжірибелік маңыздылығы болды. Орындалған жұмыстарда секция отырысында үлкен қызығушылық әкелетін авторлық тұжырымдамалар, нәтижелерінің өзіндік талдаулары мен қорытындылары болды. Қызу пікірталас нәтижесінде секция жеңімпазы анықталды. І дәріжелі диплом С.Саттаров атындағы №57 мектептің 10 сынып оқушысы Жұмабек Нүркенге берілді. Барлық жас зерттеушілерге үлкен жетістіктер мен ұтыстар тілейміз! 


0
2727

пікірлер

пікір қалдыру үшін.