Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Таза табиғат – мықты денсаулық

Таза табиғат – мықты денсаулық

10 Сәуір 2019

7 сәуірде Халықаралық денсаулық күніне орай Қарағанды медицина университетінің студенттері Орталық мәдениет және демалыс саябағының алаңына бір ғана мақсатпен жиналды, ол – өз қалаларын таза ұстау. Бірінші қалалық экологиялық акция – плоггингті өткізу бастамасын «Самұрық» студенттер республикасы, студенттерді қолдау қызметі және қоғамдық денсаулық және фармация мектебінің СӨӨБК-і көтерді, әрі қарай қала басшыларынан және де ең бастысы қамқор тұрғындардан қолдау тапты.

Акцияны ұйымдастырушылардың бірі «Самұрық» президенті Искандар Афизовтың айтуынша, бүгінгі күні жастарды қоршаған ортаның ластануына, көбіне жастардың өздері тудырған мәселелерге тарту өте маңызды.«Бүгін Қарағанды қаласының медицина студенттері бұл акцияны біздің қаламызда алғаш рет өткізді.Жарыстың мәні жеңіл жүгіру кезеңінде қоқыс жинау болып табылады. Біздің белсенді студенттерімізді осы идея шабыттандырды және ынта-жігерге толы олар мұндай акцияларды тұрақты түрде өткізіп тұруды ұсынды. Сонымен қатар, біздің туған жерімізге, қалаға, аулаға қамқорлық жасау -  «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының негізі, осындай идеяларды бүгінгі жастарымызға насихаттауымыз тиіс », - деп қосты Искандар.

Плогинг ұғымы Швецияда пайда болды және әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда кеңінен танымал болды. Бұл өзіндік салауатты өмір салты мен экологияға деген қамқорлықтың қосындысы болып табылады.

Экологиялық жарысты өткізу кезінде студенттерде эстафетаны Алматы қаласының С.Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетіне табыстау ойы келді. «Біз осы мәселеге еліміздің басқа да университеттері де қосылғанын қалаймыз» - деп ойын білдірді акция қатысушысы, белсенді студент Манап Қанағат.

Плоггингтің қорытындысы бойынша Қарағанды медицина университетінің студенттері мен қаланың тұрғындары табиғатта өңделмеген 500 кг қоқыс жинады.

Өмірдің сапасы қоршаған ортаға тікелей байланысты екенін есімізде сақтауымыз керек. Және де біз қандай жағдайда өмір сүретінімізді өзіміз ғана шешеміз.

Жастармен жұмыс жасау бөлімі


0
2605

пікірлер

пікір қалдыру үшін.