Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Денсаулық чемпионаты

Денсаулық чемпионаты

08 Сәуір 2019

Осы жылдың ақпан-сәуір айларында Қарағанды медицина университетінің спорт кешенінде Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған  футболдан XVIII біріншілік ойындары өтті.

Жарысқа 8 студентер командасы қатысты: «Стоматология» (капитаны Каримов Жандарбек), «Хирургия» (капитаны Халметов Бахром), «Интернатура» (капитаны Қаирбеков Алмат), «Терапия» (капитаны Нұрышев Жарқын), «ЖТД.» (капитаны Төлегенов Ақжол), «Фармацевтика» (капитаны Сәрсембай Нұрдаулет), «Академия» (капитаны Серикбаев Дияр) және «Педиатрия» (капитаны Зермұханбетов Аңсар).

  Өзінің бес жылдық тарихында университеттің футбол чемпионаты студенттер арасында үлкен танымалдыққа ие. Жыл бойы әр апта сайын 90-100 адам чемпион атағы үшін футбол алаңында бәсекелеседі. Университет чемпионаты ретінде басталған жоба ұзақ жылдар бойы университеттің командасына және аймақтық чемпионатқа білікті ойыншылар дайындайтын футбол академиясына айналды.

  XVIII чемпионаттың бірінші турынан соңғы екі біріншіліктің жеңімпазы «Стоматология» командасы көшбасын бастады. Бірде-бір жеңіліп көрмеген стоматологтар өздерін чемпион екенін үшінші рет дәлелдеді. Соңғы күні медалға үміткер «Терапияны» 12:7 есебімен ойсырай ұтқан «Хирургия» екінші орынды алды. Қола жүлдесі турнирдің соңғы ойынында чемпионға  6:7 есебімен есе жіберіп алған «Интернатураға»  бұйырды.

  ҚМУ  XVIII чемпионаты. Қорытынды кесте

  командалар

ойын

жеңіс

тепе-тен

жеңіліс

доптар

ұпайлар

  Топ I

1.

Стоматология

  11

  11

  0

  0

  162 - 58

  33

2.

Хирургия

  11

  7

  0

  4

 104 - 88

  21

3.

Интернатура

  11

  7

  0

  4

 96 – 86

  21

4.

Терапия

  11

  5

  1

  5

 119 - 89

  16

  Топ II

5.

ЖТД

  11

  6

  2

  3

 123 - 103

  20

6.

Фармацевтика

  11

  4

  1

  6

 90 – 106

  13

7.

Академия

  11

  4

  0

  7

  83 – 109

  12

8.

Педиатрия

  11

  2

  0

  9

54 - 129

  6

  Жүлделі орын алған барлық командалар естелік сыйлықтармен марапатталды. Турнирдің қорытындысы бойынша чемпионат құрамасының дәстүрлі нышаны анықталды:

  Үздік қақпашы: Бескемпір Данияр (Стоматология); 

  Үздік ойыншы: Маратұлы Беқтур (Стоматология).

  Сонымен қатар, қатысушыларды ынталандыру үшін қосымша номинациялар енгізілді:

  «Ең пайдалы ойыншы» - Алибеков Аян( «Фармацевтика») ;

  «Техникасы үздік ойыншы»  -  Шаймұрат Ислам («Терапия»).

  Барлық дербес номинациялардың иегерлері де бағалы сыйлықтармен марапатталды.

  Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім

  Дене шынықтыру орталығы


0
2676

пікірлер

пікір қалдыру үшін.