Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
2019 жылдың Наурыз мейрамын Медициналық психология және коммуникативтік дағдылар кафедрасы ерекше тойлады

2019 жылдың Наурыз мейрамын Медициналық психология және коммуникативтік дағдылар кафедрасы ерекше тойлады

27 Наурыз 2019

Медициналық психология және коммуникативтік дағдылар кафедрасы Наурыз мерекесін тойлау кезінде әдеттегідей керемет дастархан жайды. Бірақ бұл жылы көктем мен жаңаруды тойлауда ерекше ноталар енгізілді. Университетіміздің ұраны бойынша дәстүр мен инновацияны біріктіре отыра, қызметкерлер ұлттық әйелдер дағдыларын ерекше ұсынып,жалпы құрылымдық клиникалық емтихан түрінде қалыңдықтарға емтихан ұйымдастырды.Кафедраның үш қызметкері 4 станцияның дағдыларын орындау керек болды – шелпекке арналған қамырды жаю, ұсынылған ингредиенттерден наурыз – көже жасау, қонақтарға қазақ салт – дәстүрлері бойынша шәй құю және қазақ тілінде өлең айту.

Станциялар ҚҚЕБ талаптары бойынша дайындалды, тексеру қағазы жәнесынақтарды орындаушылардың баллдар критерийлеріне сәйкес біліктілікті орындаудың дұрыстығына баға беретін сарапшыларымен бірге өтті.Сарапшылар Наурыз-көжеге арналған тағамдардың жиынтығына сәл күлді, себебі бір қатысушымыз қияр мен шалғамды қосты, бірақ қатысушылардың құйылған шайлары мен  кафедраның қызметкерлері өз қолдарымен жасаған дастарханына үлкен разылық білдірді. Қыдыр –ата жолдаған батаны тыңдады (кафедра доценті В.Ф.Огаркова).

Сарапшылар балдарды санай отырып, өте қатал болды , бірақ нәтижесінде барлық қалыңдықтар шекті деңгейден өтті және қалыңдықтың сәйкестік сертификатын алды. Сарапшылар біздің дастарханды үйдегідей жайлы , дәмді, сонымен бірге бөліммен Наурызды тойлауға арналған ерекше идеясын жоғары бағалады.

  Лариса Леонардовна Мациевская


0
2495

пікірлер

пікір қалдыру үшін.