Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберіндегі кездесу

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберіндегі кездесу

19 Наурыз 2019

 Орыс тілі кафедрасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Біздің еліміздің ұлы тұлғалары» атты  дөңгелек үстел  өткізілді.

Қатысушылар «Жалпы медицина», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтарының орыс тілі кафедрасында оқитын бірінші курс студенттері болды.

Кеш қонақтары Қарағанды медицина университетінің жастармен жұмыс жөніндегі бөлімінің Қоғамдық бірлестіктерімен және жастар ұйымдарымен қарым-қатынас жөніндегі маман Милаева И.И., Қоғамдық денсаулық сақтау және фармация мектебінің декан орынбасары А.М.Камарова.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: «Қазақстанның 100 Жаңа тұлғасы» жобасының жеңімпазы Р.С.Алимханованың кәсіби жолы тарихымен танысу арқылы дәрігердің тиімді кәсіби қызметі үшін қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеуде азаматтық пен патриотизмнің жоғары деңгейін қалыптастыру.

  Ирина Ивановна Милаева құттықтау сөзінде «Рухани жанғыру» бағдарламасын іске асырудың міндеттері мен ерекшеліктері туралы айтып берді.

Дөңгелек үстелдің негізгі бөлігі «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасына арналды. Семинарға қатысушылар осы жобаның ерекшеліктері туралы айтып берді және кештің құрметті мейманы «Өнертапқыш әйел» номинациясы бойынша «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының жеңімпазы, медицина ғылымдарының докторы, Қарағанды медициналық университетінің профессоры Әлімханова Роза Сейітқалиқызымен таныстырды.

Роза Сейтқалиқызы өзінің еңбек жолы туралы толығырақ айтып берді. Ол сөзін еңбек жолындағы ұстаздары, пациенттері мен өнертабыстардың фотосуреттері ұсынылған презентациямен сүйемелдеді. Роза Сейтқалиқызы сол жылдары ортопедияның қалай дамығанын, өзінің өнертабысына қалай қол жеткізгенін, дәрігердің жұмысында ең маңызды нәрсе не болуы керектігін айтты.

Сонымен қатар, Роза Сейітқалиқызы «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасына қатысу туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ол сондай-ақ, жобаға байланысты оқиғалардан фотосуреттер көрсетті және студенттерге белсенді азаматтық, кәсібилік және бей-жайсыздықтың үлгісі болған кейбір қатысушыларының табыстары туралы айтып берді.

Роза Сейтқалиқызының шын мәнінде бас әріппен жазылатын дәрігер болу үшін мамандықтағы еңбек жолы туралы нақты, жанданған оқиғасы бірінші курс студенттері арасында шынайы қызығушылық тудырды. Олар профессордан мамандықта жетістікке жету, қиындықтарды жеңу жолдары туралы көптеген сұрақтар қойды. Студенттік жылдарын еске түсіруді өтінді.

Роза Сейтқалиқызы медицина мамандығының ауыр және асыл жолына түсіп келе жатқан болашақ әріптестеріне «Ағылшын тілін үйреніңдер, көп жұмыс істеңдер және оқыңдар, талдаңдар және тәжірибе жинаңдар» деген сөздермен тілек жолдады.


0
2846

пікірлер

пікір қалдыру үшін.