Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Пластикадан нейрохирургияға дейін

Пластикадан нейрохирургияға дейін

28 Ақпан 2019

Тюмень қаласының Тюмень Мемлекеттік Медицина Университетінде академик И.М. Перельман атындағы Орал федералды округының XVIII Ресейлік хирургия олимпиадасының аймақтық кезеңі өткізілді. Қарағанды медицина университетінің атынан «Жалпы медицина» факультетінде оқитын 6 курстың интерн-хирургтары: Нұралы Шыңғыс, Шабанов Александр, Абдумуталов Нурдаулет, Ивачёв Павел, Курваналиев Нагы, 4 және 5 курстың студенттері Аркинжанов Камалдин, Жуманбаев Санжар қатысты.

Сонымен қатар қазылар алқасының мүшесі ретінде олимпиадаға PhD, №2 хирургиялық аурулар кафедрасының доценті Д.К. Калиева шақырылды. Команда олимпиадаға м.ғ.д., профессор №2 хирургиялық аурулар кафедра меңгерушісі Е.М. Тургуновтың басшылығымен  және де Практикалық дағдылар орталығының директоры м.ғ.к., доцент Г.С. Кемелованың басшылығымен дайындалды.

Олимпиада бағдарламасы өте қаныққан болып шықты: қатысушылар тек теориялық білімдерін ғана емес сонымен қатар практикалық білімдерін көрсетті. Мұнда сыртынан өрескен көрінгенімен іс жүзінде өте әдемі Илизаров аппаратымен остеосинтезді, микроскоп астындағы жұқа тігісті, трахеяның интубациясын орындады. Хирургияның түрлі: пластикалық, абдоминалдық, жүрек- тамыр, микрохирургиялық, нейрохирургиялық, травматологиялық бағыттарымен жұмыс істеді.

 Бізден басқа  М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің қатысушылары болды. Қазақстаннан келген бүкіл қонақтарды жылы қарсалып, керемет сібір қаласының басты көрікті жерлеріне экскурсия жасады.

Олимпиада қорытындысы бойынша біздің командамыз келесі жүлделі орындарға ие болды:

2 орын – «Абдоминалдық хирургия» конкурсында: Курваналиев Нагы, Аркинжанов Камалдин, Нұралы Шыңғыс, Абдумуталов Нурдаулет.

3 орын – «Остеосинтез» конкурсында: Ивачёв Павел, Абдумуталов Нурдаулет, Нұралы Шыңғыс. 

3 орын – «Эндовидеохирургия» конкурсында: Шабанов Александр, Жуманбаев Санжар. 

3 орын – «Теория» конкурсында: Ивачёв Павел, Курваналиев Нагы, Нұралы Шыңғыс, Абдумуталов Нурдаулет, Шабанов Александр. 

Біздің топ ПДО және №2 хирургиялық аурулар кафедрасының базасында, келе жатқан  Алматы және Мәскеу қалаларында өтетін хирургиялық  олимпиадаларына  жаттығуларын жалғастырып жатыр.


0
2977

пікірлер

пікір қалдыру үшін.