Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Саналы ұрпақ» жетекшісінің келуі

«Саналы ұрпақ» жетекшісінің келуі

19 Ақпан 2019

2019 жылдың 15 ақпан күні «Саналы ұрпақ» республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Токушев Қарағанды Медицина университетіне іс-сапармен келді.

Қонақ «ҚМУ» КеАҚ басшыларымен кездесті, университеттің студенттерге қызмет көрсету орталығын, «Адалдық аумағы» жобасының аясында ашылған асхананы көрді,  ҚМУ «Саналы ұрпақ» студенттік клубының жұмыстарымен танысты.

Қайыржан Тоқушев, Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтан еркін өмір сүруді жоспарлап отырған патриоттық және бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу жобаның басты мақсаты екенін атап өтті. «Бүгінгі таңда сізддің мамандығыңызға тән жоғары гуманизм, адамгершілік, шыншылдықты, адалдықты және жанашырлыққа негізделген адами білімділікті меңгеру өзекті болып қалады. «Саналы ұрпақ – Жарқын болашақ» жобасы стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған - білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тартудың ортасын қалыптастыру» - деп қорытынды жасады Кайыржан Ахметбекұлы.

Соңында Қарағанды облысының жоғары оқу орындарының проректорлары және колледж директорларымен кездесу өтті.

Жастармен жұмыс жасау бөлімі


0
2997

пікірлер

пікір қалдыру үшін.