Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Резиденттердің шығу циклы

Резиденттердің шығу циклы

19 Ақпан 2019

Медуниверситеттің екінші курс резиденттері нефрология, пульмонология, гематология мамандықтары бойынша  Абай қ. ОА базасында шығу циклынан өтті.

Осы уақыт аралығында олар емханада және стационарда тәжірибеден өтуші дәрігерлермен бірге пациенттерді тексеріп, науқастардың жасын, салауатты өмір салтын сақтауды ескере отырып, диетаның негізгі аспектілері туралы түсіндіру әңгіме жүргізді. Резиденттер КМАЖ (КМИС) алғашқы тексеруді жүргізу, шағымдарды суреттеу, синдромдар мен симптомдардың ағымының динамикасы көрсетілген аурудың нақтыланған анамнезі, толық объективті мәртебесі  суреттелген медициналық құжаттарды жүргізді. Сол жерде пациент жағдайының ауырлығын, синдромдар мен симптомдар ағымының динамикасын көрсете отырып, зертханалық-аспаптық деректерді түсіндіре отырып, күнделіктер де жүргізіледі. Олардың негізінде ҚР ДСМ диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес, тексеру және емдеу әдістерінің, атап айтқанда терапевтік бейіннің негіздемесімен пациентті әрі қарай жүргізу тактикасымен алдын ала диагноз қойылады. Ауруханада ҚР тұрғындарына амбулаторлық-емханалық және стационарлық  көмек  көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін реттейтін  заңнамалық және нормативтік-құқықтық құжаттармен жұмыс жүргізілді.

Берілген уақыт ішінде  әр резидент  60 ересек және  40 бала жасындағы әртүрлі патологиялары бар науқастарды  қарады. Соның ішінде терапия бөліміне 19 науқас  жоспарлы және жедел көрсеткішпен жатқызылды.  Көптеген науқастарда ЛОР мүшелерінің патологиясы бар.

Қорытындылай келе, біз әрқайсымыз өзіміз үшін жаңа нәрсені меңгеріп үйрендік.

Абай қаласының Орталық ауруханасының қабырғасында алған тәжірибелік дағдылар үшін біз медициналық мекеменің барлық ұжымына өте ризамыз. Сіздердің күнделікті қиын жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!

№3 Ішкі аурулар  кафедрасының резиденттері


0
2834

пікірлер

пікір қалдыру үшін.