Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Сарыарқа жастары – табысты идеяларға бастау»

«Сарыарқа жастары – табысты идеяларға бастау»

31 Қаңтар 2019

2019 жылдың 28 қаңтарында ҚММУ-де өзінің алаңында аймақтың сегіз оқу орнын біріктірген облыстық Студенттік жастар форумы өтті.

Форумның ұйымдастырушылары - ҚММУ Жастармен жұмыс жасау бөлімі, Қарағандыда облысының ҚХАЖастар үйлестіру кеңесі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» КММ Қарағанды облысының әкім аппараты.

Форумның мақсаты - «Студенттік Қарағанды» брендін қалыптастыру, Қарағанды қаласының біріккен студенттік қоғамын құру, жастардың ғылыми, әлеуметтік, спорттық іс-әрекеттерге қызығушылығын ынталандыру.  Стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Тұрмұхамбетова Анар Ақылбекқызы форумды келесі сөздермен ашты: «Біздің университеттің қабырғасында, Жастар жылының басталуына орайластырылған және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында өткізіліп жатқан «Сарыарқа жастары» форумының қатысушыларына қош келдіңіздер дейміз. Университетте жастардың шығармашылығына үлкен көңіл бөлінеді, біз сіздің энергияңызды нақты оқу, инновация, әлеуметтік жобалар тапсырмаларын шешу ағымына бағыттауға тырысамыз. Университет жастары кәсіпкерлікті дамыту бойынша белсенді жұмыс жасайды, қызықты идеялар шығарады, білім беру ортасында нақты серіптестік ортаны қалыптастырады. Форумға қызықты кездесулер, идеялармен алмасу, бүкіл Жастар жылы бойы жобаларыңыздың табысты іске асуын тілеймін.»

Форум жұмысына Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Жарасым»  Республикалық жастар ұйымының төрағасы Жұмырбаев Тимур Ғабдулұлы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қарағанды облысының қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасы  Алтынбеков Бекзат Комарович, «ASYL ADAM» қайырымдылық қорының негізін салушы Көңілбай Шүкенов, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің студенттік Парламенттің төрағасы Жорабеков Арман, ҚХА-ң республикалық жастар қозғалысының Аймақтық штабының жетекшісі Урмашов Александр Николаевич қатысты.

Форум - студенттерге өз идеялары мен жобаларын іске асыруға, студенттердің кәсіптік, шығармашылық және әлеуметтік өзін-өзі жүзеге асыруға қатысты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Оны студенттердің ең қызықты бастамалары, табысты жобалары туралы айтылған, «Жаңғыру жолы» студенттік стартап-жобаларының презентациясы растады.

Форум жастарға өз мамандығы бойынша жаңа білім алуға, өз көзқарасын кеңейтуге және жаңа көкжиектер ашуға, сондай-ақ қызықты адамдармен танысуға, басқа университеттер туралы жаңа нәрселерді білуге мүмкіндік береді.

«Жаңғыру жолы» стартап-жобаларының көрмесін аша отырып, Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының әкімі Шатохина Татьяна Николаевна, бұл форум жастар бастамаларын қолдауға бағытталғанын айта кетті.

Форум өткізу барысында ҚММУ «Жарасым» студенттік клубының ашылуы болды жәнеоблыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Жастар үйлестіру кеңесінің туын салтанатты түрде табыстады. «Жарасым» республикалық жастар ұйымының төрағасы Тимур Жұмырбаев қарағандылықтарды және студент жастарды құттықтап, жаңа идеялар мен табыстар тіледі.

«Форумның біздің университетте өтіп жатқанына қатты қуаныштымыз. Бізді ескеретініне, әрі қарай дами беретінімізге қуаныштымыз», - деп атап өтті 2 курс студенті Вольф Александр.

5 курс студенті Сабина Гофманның ойынша, форум жаңа нәрселерді үйренуге және өз идеяларыңызды ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл интерактивті түрде және ресми емес жағдайда басқа оқу орындарының студенттерімен араласып, қарым-қатынас жасау мүмкіндігі.

  Форум жұмысына облыс университеттерінің 500-ге жуық белсенді және шығармашылық жастары қатысты.

  Іс-шараның аяқталуына қарай ҚР Президенті жанындағы РММ «Қоғамдық келісім», ҚХА-ң «Жарасым» республикалық жастар ұйымы, Қарағанды облысының Ассамблеясы ҚХА-ның студенттер және жастар қозғалысының дамуына қосқан үлесі үшін облыс жастарын алғыс хаттармен марапаттады.

Форум қатысушыларының алдында ҚММУ-нің студенттік топтары және аймақтардың этно-дәстүрлік қауымдастықтары өнер көрсетті.

Жастармен жұмыс жасау бөлімі


0
2953

пікірлер

пікір қалдыру үшін.