Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жыл ғалымы университет хирургі болды

Жыл ғалымы университет хирургі болды

30 Қаңтар 2019

Қарағанды облысы әкімінің «Қайнар» жастар сыйлығының «Жыл ғалымы» номинациясына  ҚММУ №3 хирургиялық аурулар кафедрасының ғылыми қызметкері, хирург-дәрігер, PhD докторы  Бадыров Руслан Мұратұлы ие болды.

Әр түрлі номинациялар бойынша («жас көшбасшы», «үздік ІТ маман», «жыл спортшысы», «жыл жұмысшысы» сияқты және т.б.) он лауреатты салтанатты марапаттау рәсімі күні кеше С.Сәпиев атындағы бокс орталығында болды. Аймақ басшысының «Қайнар сыйлығы» 14 пен 29 жас аралығындағы жас азаматтарға ғылыми, шығармашылық, қоғамдық және кәсіби жемісі үшін беріледі.

Лауреаттарды іріктеу конкурстық негізде, комиссияның шешімі бойынша жүзеге асырылады. Биылғы жылы сыйлықақы алуға 115 адам құжаттарын ұсынды.

Бұл сыйлық 14 жыл бойы табысталып келеді және бүгінгі таңда Қарағанды өңірінің 120-дан астам жастары лауреат атанды.


0
3639

пікірлер

пікір қалдыру үшін.