Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Профессор Зааль Кокайяның (Лунд университеті, Швеция) ҚММУ-не сапары

Профессор Зааль Кокайяның (Лунд университеті, Швеция) ҚММУ-не сапары

21 Қаңтар 2019

2019 жылдың 18 қаңтарында Лунд университетінің (Швеция) профессоры Зааль Кокайя Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде болды.

Профессор Зааль Кокайя Лунд Университетінің дің жасушалары орталығының директоры, «StemTherapy»-дің дің жасушалары биологиясы және қалпына келтіру медицинасы саласындағы стратегиялық зерттеулердің үйлестірушісі («SFO»), клиникалық ғылымдар бөлімшесіндегі эксперименталды медициналық зерттеулер профессоры, дің жасушалары және қалпына келтіру неврологиясы зертханасының меңгерушісі, Lund Stem Cell Center, (Швеция)болып табылады.

Профессордың келуінің басты мақсаты - ҚММУ-де биомедицина мамандығы бойынша магистратура ашу мәселесін талқылау. Сапар аясында профессор университеттің басшылығымен кездесті: ректор Р.С. Досмағамбетовамен, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор П.Риклефспен, қоғамдық денсаулық сақтау және фармация мектебінің деканы Б.Серікпен. Сондай-ақ, ҚММУ биологиялық бейіндегі, неврология кафедраларының бөлімшелерінің профессорлық-оқытушылық құрамымен әңгімелесу өткізілді. Онда ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары мен біздің университеттің осы саладағы магистратураны ашу мүмкіндіктері талқыланды.

ҚММУ-ға бару барысында профессор Зааль Кокайя ұжымдық пайдалану зертханасымен, биохимия кафедрасының зертханасымен, биология және виварий кафедрасымен танысты.


0
3633

пікірлер

пікір қалдыру үшін.