Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Вильнюс университетіндегі академиялық ұтқырлық

Вильнюс университетіндегі академиялық ұтқырлық

15 Қаңтар 2019

Біз, «Жалпы медицина» мамандығының 4 курс студенттері Кнаятова Сағыныш пен Мырзахметова Камила, академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде 2018 жылдың 30 тамызы мен 28 желтоқсаны аралығында Еуропаның, әрі Литва Республикасының ең таңымал және тарихи ЖОО-ның бірі Вильнюс университетінде «Хирургия» және « Акушерлік және Гинекология» циклдерін өттік.  Вильнюс университеті 1579 жылы құрылған. Жоғарғы оқу орны көпсалалы болып табылады, онда 12 факультет, факультеттік құқыққа ие 7 институт, 4 факультетаралық  білім беру және ғылым орталығы, сондай-ақ Литвадағы ең көне кітапхана, ботаникалық бақ, университет мұражайы және басқа да академиялық емес бөлімдері бар.

Жаңа қоғам мен білім ордасына сіңісу оқу басталар алдындағы «Orientation week» бағдарлау аптасының арқасында бізге қиындық тудырмады. Біздің мәдениетімізге мүлде ұқсамайтын Литва елінің мәдениетімен танысу, әрі дүниенің түкпір-түкпірінен келген студенттерімен танысу мүмкіндігіне осы бағдарлау аптасында ие болдық. Оқу басталысымен оқыту жүйесі біздікінен өзгеше екенін түсіндік. Сабақ кезінде көп көңіл тәжірибелік жұмысқа, пациенттермен байланыс құру және операцияның жүру барысын көрсету арқылы, әрі мұғалімдер мен студенттер арасындағы пікірталастың көмегімен студенттерде клиникалық ой қалыптастыруға бағытталды. Бұл мүмкіндіктер болашақта баға жетпес қазына болмақ.

Жеке кестеміздегі әртүрлі деңгейде сабақтарымызды толықтай қамту үшін оқу үрдісі 4-6 курс аралығындағы студенттермен өтті. Халықаралық топта оқығандықтан оқу ағылшын тілінде жүрді. Университетіміздің бізге деген үмітін ақтау үшін барынша жауапкершілікті сезініп, бар біліміміз бен талпынысымызды көрсетуге тырыстық.Әлемдік кезеңде Қазақстан жас және дамушы елдердің өкілдері ретінде үлкен жауапкершілікті сезіну білім сапасын жақсарту мен қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруге ынталандыру болды.

Бұндай зор мүмкіндік пен қолдау берген ҚММУ ректоры, профессор Р.С. Досмағамбетова ханымға, стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор А.А. Тұрмұхамбетова ханымға және Халықаралық ынтымақтастық департаментіне алғысымызды білдіреміз. Вильнюс университетінің халықаралық бөліміне алғысымыз шексіз.

Ізгі ниетпен, 4-001 ЖМ тобының студенттері Кнаятова Сағыныш пен Мырзахметова Камила


0
3028

пікірлер

пікір қалдыру үшін.