Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ЛУНД УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

ЛУНД УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

08 Қаңтар 2019

Академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру аясында 6D110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша 3-оқу жылының докторанты Омарова Алуа Ораловна 2018 жылдың 8 казаны мен 29 желтоқсаны аралығында Лунд университетінде (Лунд қ., Швеция) білім алды.

Білім алу барысында “Challenges of water supply in rural areas of Central Asia: A case study from central Kazakhstan” тақырыбына арналған мақала дайындалып, “Water and Health” журналына баспаға жіберілді. Сонымен қатар, “Revisiting Public Health Educational Programs at Karaganda State Medical University (KSMU): a Lund University-KSMU collaboration” семинарының жұмысына қатысуға мүмкіндік болды. Бұл семинардың мақсаты қоғамдық денсаулық сақтаудың басымдықтарын, әр бағдарлама деңгейіне (бакалавриат, магистратура, докторантура) қоғамдық денсаулық сақтау құзыреттерін айқындау, денсаулық сақтау саласының басымдықтарын ресурстары шектеулі елде құру, мұқтаждықтарына негізделген кәсіби құзыреттерді дамыту, белгілі бір құзыреттілікке негізделген білім беру бағдарламасын әзірлеу және бағалау болды.

Бұл сапардың маңызды оқиғасы Еуропалық қоғамдық денсаулық сақтау ассоциациясы Словенияның Любляна қаласында ұйымдастырған “Winds of change: towards new ways of improving public health in Europe”тақырыбына арналған 11-ші Еуропалық қоғамдық денсаулық сақтау конференциясына қатысу болды. Салтанатты ашылу рәсіміне Словенияның денсаулық сақтау министрі Само Факин қатысып, Словенияның қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы әсерлі жетістіктері туралы баяндама жасады. 65 елден 1500-ге жуық өкілдері қатысқан осындай деңгейдегі конференцияға біздің университеттің атынан қатысу үлкен құрмет болды. Конференция барысында мен “The future of piped water in villages in low- and middle-income countries” тақырыбындағы постерлік баяндама жасадым және түрлі секциялар мен семинарлардың жұмыстарына қатыстым. Бұл әрі қарайғы ғылыми жұмыстар үшін пайдалы болатын баға жетпес тәжірибе болды.

Берілген мүмкіндік пен жасаған қолдауы үшін ректор, профессор Р.С. Досмағамбетоваға, стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор, профессор А.А. Тұрмұхамбетоваға және халықаралық ынтымақтастық бөліміне алғысымды білдіремін. Сонымен қатар, шетелдік кеңесші PhD доктор К.М. Тусуповаға шақырту жібергені, ортақ атқарылған жұмыс пен жасаған жағымды жағдай үшін рахмет айтқым келеді.

6D110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы

бойынша 3-оқу жылының докторанты

Омарова Алуа Ораловна


0
2767

пікірлер

пікір қалдыру үшін.