Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
4-6 курстар арасындағы дәстүрлі хирургия бойынша олимпиада

4-6 курстар арасындағы дәстүрлі хирургия бойынша олимпиада

29 Желтоқсан 2018

2018 жылдық желтоқсан айының 21 мен 24 күндері аралығында - №2 хирургиялық аурулар кафедрасында м.ғ.д, профессор М.Е. Тұрғыновтың басшылығымен  4-6 курстар арасындағы дәстүрлі хирургия бойынша олимпиада өтті. Олимпиада интерактивті тестілеу мен хирургиялық дағдыларды тексеру (жануарларға экспериментальді ота жасау) бойынша бағаланатын екі кезеңнен тұрды. Олимпиадаға жалпы 27 студент қатысып, оның ішінде 6 студент екінші кезеңге жолдама алды. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша үш жүлделі орын анықталды. 1 орын иегері-  Медицина мектебінің 6 курс студенті  Ивачев Павел иеленсе,2 орын- Курваналиев Нағы,3-орынға Шабанов Александр лайық деп табылды. Барлық қатысушылар жеңіске деген құштарлығымен қатар теориялық және практикалық дағдыларының жоғары деңгейін көрсете білді. Олимпиада жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.


0
3083

пікірлер

пікір қалдыру үшін.