Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ректордың студенттік белсенділермен кездесуі

Ректордың студенттік белсенділермен кездесуі

28 Желтоқсан 2018

2018 жылдың 27 желтоқсанында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде ректордың студенттік белсенділермен жыл сайын өтетін кездесуі өтті.

  Биылғы жиналыс белсенділерді және қоғамдық жұмыстарда, мәдениет пен спортта ерекшеленген студенттердімарапаттау салтанатты рәсімі форматында өтті,.

  Салтанатты жиналысты ҚММУ ректоры Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызы ашты. Раушан Сұлтанқызы барлық қатысушыларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтай отырып, студенттерге 2019 жылда ҚММУ дамуының негізгі бағыттары туралы айта кетті. Содан кейін салтанатты бөлім марапаттау рәсімімен жалғасты.

 Қарағанды облысының әкімі Вилен Борисович Молотов-Лучанскийді облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқаны, жеке еңбегі және жаңа Қазақстан қоғамының құрылысына қосқан үлесі үшін құрмет грамотасымен марапаттады.

Ректордың қолы қойылған алғыс хаттармен «Самрук» студенттік республикасы, Студенттерді қолдау қызметі, «Жұлдыз» жастар денсаулық орталығы, Бастапқы студенттер клубы, Студенттік үйлестіру кеңесі, «KazMSA» Қазақстан медициналық студенттерінің қауымдастығы» жергілікті комитеті, «VolTeKSMU» еріктілер ұйымы, «Намыс» және «Insight» пікірталас клубтары, «MED talks», «Ақжүніс» қыздар клубы,«Саналы ұрпақ» студенттік клубы,«Enactus KSMU» командасы, Студенттік ғылыми қоғам, КВН «Күлкі терапиясы», КНВ «Клиника смеха», Ерікті студенттер құрамы «Қаракөз»шығыс биінің халық ансамблі, Вокал үйірмесі, «Golden Step» би театры, «Конферансье» үйірмесі, Театр үйірмесі, Домбыра оркестрі, «Жыр Жауһар» авторлық поэзиялық клубы, ҚММУ студенттік хоры, «Yes Team» үйірмесі және спорттық жарыстарға қатысушылармен жеңімпаздар,  ҚММУ спорт клубтары мүшелерінің үздік белсенділері марапатталды.

Кездесу университеттің шығармашылық ұжымдарының шағын импровизацияланған концертімен жалғасты.

Іс-шараның салтанатты бөлімінің соңында Аяз Ата мен Ақшақар барлық жиналғандарды  келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.

Жастармен жұмыс жасау бөлімі


0
2957

пікірлер

пікір қалдыру үшін.