Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Дербес брендинг немесе «мен» дербестігінің өзектілігі

Дербес брендинг немесе «мен» дербестігінің өзектілігі

27 Желтоқсан 2018

 «Дербес брендинг немесе «мен» дербестігінің өзектілігі» бұл бүгінгі күннің кеңінен тараған тақырыптарының бірі, ал «Өзіндік  жарқын және есте қаларлықтай брендті қалай құру керек?» деген сұрақ қазіргі кездегі жиі кездесетін сұрақтарға айналып отыр.

 Міне осы сұраққа жауап беру мақсатында Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, KazMSA Қазақстан Медицина Жастарының Ұйымы, Capacity building  Потенциалды дамыту командасы өте пайдалы тренинг өткізген болатын.

 Сонымен, өзіндік қайталанбас брендті қалай қалыптастыруға болады?

 Өзініңіз үлгі тұтатын адамдар туралы ойлаңыз. Ол сіздің ата-анаңыз, таныстарыңыз, тіпті белгілі өнер адамы болуы мүмкін. Әркімнің өзіндік өмірлік жолы бар, әрбір адам өзі үлгі тұтатын басқа адамдардан сабақ алып, оны өз өмірлерінде пайдаланады.

Әрбір жанды басқалардан ерекшелейтін өзінің жеке бас қызығушылықтары, өмірлік тәжірибелері, оқиғалары болады.  Міне, сіз де сол секілді өзіңіздің «өзіндік екешелігіңіздің» тізімін жасаңыз. Бұл тауға шығу, сондай-ақ ерекше күлкіңіз болуы да әбден мүмкін. Кейін осы тізімге қарай отырып, өзіңіздің мақсаттарыңызды айқындаңыз. Есіңізде болсын, сіз өзіңізді жүздеген адамдардан ерекшелейтін қасиеттеріңізді іздеу үстіндесіз.

 Қорыта келгенде, өзіндік ерекшеліктеріңізді өзіңіздің мықты жақтарыңызға айалдыруға тырысыңыз. Оны жүзеге асыру үшін сізге ең алдымен керек болатыны болашақ бренд қалыптастыру. Оны көптеген әдістермен жүзеге асыруға болады. Мысалы, сіз спорттық көліктерді ұнатасыз делік. Олар туралы өз блогыңызда жазсаңыз болады,тіпі видео түсіруге де болады. Ал енді ойлап көріңіз,  қай жерде өз атыңызды танытуға мүмкіндік бар? Бұған мысал ретінде әлеуметтік желілерді, форумдарды, блогтарды, видеоларды келтіруге болады.

 Дербес брендингі сіздің нарықтағы орныңызды айқындап, басқа адамдар алдындағы мәртебеңізді арттыруға септігін тигізеді. Айтып өтетін жайт, мәртебелі брендинг дегеніміз -  ұзақ уақытта қалыптасатын стратегия. Ол өзіне негізгі және нақты міндеткерліктерді жүктейді. Сол себепті оның нәтижесі көп уақыттан кейін ғана көрінуі мүмкін. Әрине, оң өзгерістерді байқау үшін көп еңбектену керек. Ал жеке бас брендингі мүмкіншіліктері осы жұмсалатын күшке тұрарлықтай нәтиже береді деп айтуға толықтай негіз бар. 


0
2717

пікірлер

пікір қалдыру үшін.