Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Морфология және физиология кафедрасының профессоры Ф.А. Миндубаеваның Қазан Мемлекеттік медицина университетіндегі ұтқырлығы (физиология)

Морфология және физиология кафедрасының профессоры Ф.А. Миндубаеваның Қазан Мемлекеттік медицина университетіндегі ұтқырлығы (физиология)

24 Желтоқсан 2018

Қарағанды мемлекеттік медицина  университеті (ҚММУ -  Қарағанды)  мен  Қазан мемлекеттік  медицина  университетінің (Қазан) арасында академиялық  ұтқырлық төңірегінде  профессор  Ф.А. Миндубаева  2018 жылдың  қараша айының  30-нан  желтоқсан айының  07–не  дейін Қазан мемлекеттік медицина  университетінің  қалыпты физиология кафедрасында болып қайтты.

Тақырыптық жоспарға сәйкес профессор  Ф.А. Миндубаева  емдеу, педиатрия факультеттерінің студенттері үшін  «Жүрек физиологиясы» бөлімі бойынша: «Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері», «Электрокардиография», «Жүрек  қызметінің реттелуі», «Жүректің қақпақша аппаратының зақымдану синдромы  кезінде  клиникалық- аспаптық зерттеу әдістері  және морфологиялық-қызметтік ерекшеліктері» тақырыптары бойынша; ОЖЖ  физиологиясынан  «Талдағыштардың жалпы қасиеттері»  тақырыптары  бойынша  дәрістер  оқыды. «Талдағыштар физиологиясы», «ОЖЖ физиологиясы», «Жүрек физиологиясы» бойынша тәжірибелік сабақтар жүргізді.

Оқытушылар  мен  студенттерде  «Жүректің қақпақша аппаратының зақымдану синдромы кезінде  клиникалық- аспаптық зерттеу әдістері  және морфологиялық- қызметтік ерекшеліктері» тақырыбындағы интеграцияланған дәріс  үлкен  қызығушылық тудырды.

Қалыпты  физиология кафедрасының  оқытушы - профессорлар құрамы Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде  студенттерді  оқытудың инновациялық әдістерімен (RBL, PBL) танысты.

Профессор  Ф.А. Миндубаева өз дәрістерін  жоғары кәсіби, ғылыми  деңгейде, клиникалық мысалдар келтіре отырып, жақсы бейне слайдтарды көрсете отырып оқыды, онда басқа  пәндердің  интеграциясы диалогтық тәртіппен көрсетілді (анатомия, гистология, клиникалық пәндер). Дәріс  кафедра  оқытушылары  мен студенттерге өте  ұнады.

Қалыпты физиология пәні  бойынша аралық, қорытынды бақылауларды жүргізу., тәжірибелік дағдыларды тапсыру, шет елдік студенттерге сабақ беру  тәртібі, мамандықтарын ескере отырып  оқу үрдісін  әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету  мәселелері  талқыланды. 

2019 жылға «Ерте жастағы балаларда өкпелік гипертензияны ерте анықтау әдісін клинико- физиологиялық негіздеу» жобасын  іске асыру бойынша  біріккен ғылыми жұмыстың жоспары  келісілді.


0
3217

пікірлер

пікір қалдыру үшін.