Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды ойыны

«Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды ойыны

24 Желтоқсан 2018

Мемлекеттік тіл айлығы аясында «Медициналық білім туралы мемлекеттік тіл қабылдау» тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Мейіргер ісі» мамандығының студенттері «Не? Қайда? Қашан?»  интеллектуалды ойынын ұйымдастырды. Сарапшылар командасы «Мейіргер ісі» мамандығының барлық топтарынан ұсынылды.

Ойынның басталуына дейін студенттер Тәуелсіздік алғаннан бері болған негізгі оқиғалармен және латын жазуымен таныстырды. Ойынның өзі төрт айналымнан тұрды: «Кім туралы айтып жатырмыз?», «Зырылдауық зырылда, зырғып барып, сұрақтарды тауып ал!», «Қара жәшік», «Соңғы мүмкіндік!» Kahoot приложениясымен жүргізілді.

Екі команда үшінші турға дейін тең нәтиже көрсетті, соңғы төртінші турдан кейін командалардың бірі көш бастады.

Нәтижесінде жеңімпаз команда мен жеңімпазға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

«Мейіргер ісі» мамандығының III курс студенттері

Сейтбаева Макпал, Онгалова Роза, Айтуова Сагыныш


0
2700

пікірлер

пікір қалдыру үшін.