Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ ректоры Р.С. Досмағамбетованың жұртшылықпен есеп беру кездесуі

ҚММУ ректоры Р.С. Досмағамбетованың жұртшылықпен есеп беру кездесуі

24 Желтоқсан 2018

2018 жылдың 21 желтоқсанында ҚММУ акт залында ҚММУ ректоры, профессор Раушан Сұлтанқызы Досмағамбетованың жұртшылықпен есеп беру кездесуі өтті.

  Кездесуге Қарағанды ​​қаласының жұртшылығының өкілдері, ҚММУ Бақылау кеңесінің мүшелері қатысты :Қарағанды ​​қалалық «Нұр Отан» партиясының филиалының төрағасы Юлия Викторқызы Бадина, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының Қарағанды ​​облыстық филиалының директоры Ертай Жалғаспайұлы Отаров; Қарағанды ​​облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері; университет оқытушылары мен қызметкерлері, студенттер, магистранттар, ҚММУ докторанттары.

  Ректор өзінің есеп беру баяндамасында ҚММУ –нің негізгі стратегиялық бағытына ;соның ішінде ғылыми бағытындағы көшбасшылыққа,студенттік өмір меноқуды жетілдіруге,кадрлық потенциальды дамытуға,ұлтаралық және  серіктестікке,менеджмент пен қаржыландыруға тоқтап өтті.

Сонымен қатар өткен 2018жылдағы университеттің қандай жетістіктерге жеткендіктеріне, жоо-ның жемісті қызмет барысындағы қандай өзгерістердің болғанына,университеттің бүгінгі өмірімен және жоо-ның  2019 жылғы жоспарлары туралы баяндады.

  Жұртшылықпен кездесу соңында келешекте түлектерді жұмыспен қамту,ҚММУ –нің  Камерциялық емес акционерлік қоғам «ҚМУ» ауысуына байланысты дипломның айырбастауна,университеттің  клиникасының болашақ медициналық қызметінің көлемі туралы,сонымен қатар болашақта студенттерді қандай өзгерістер күтіп жатқандығы, және студенттердің білім деңгейін бағалау технологиясында қандай өзгерістер болатындығы туралы барлық сұрақтарға толығымен жауап берді.

  Кездесудің төрайымы Юлия Викторқызы Бадина ректорға жұртшылықпен сынды кездесу өткізгені үшін алғысын білдірді, университет алдында тұрған маңызды міндеттер туралы әңгімелеп, ҚММУ-ге табысты жұмыс және үлкен жетістіктер тіледі.

  Одан әрі бөлімшелер мен оқытушылар құрамының қызметіне рейтингтік бағалау қорытындысы бойынша марапаттау өткізілді.


0
3597

пікірлер

пікір қалдыру үшін.