Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ «ЛАТЫН ГРАФИКАСЫ КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ»

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ «ЛАТЫН ГРАФИКАСЫ КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ»

20 Желтоқсан 2018

2018 жылы 7 желтоқсанда «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі» мамандығының 1 және 2 курс білім алушылары арасында мейіргерлерге білім беру мектебінде ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Латын графикасы кеше, бүгін, ертең» атты дөңгелек үстел өткізілді. 

Дөңгелек үстелге Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ жазуын латын графикасына аудару орталығының жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцентТурсынова Мархаба Ахметкалиева мен ҚММУ үштұғырлы тілдер департаментінің аға оқытушысы  Жандарбекова Ләззат Өміржанқызы шақырылды. Аталған шараны латын тілінің оқытушысы Омашева Жанар Мағауияқызы, кәсіби қазақ тілі пәні оқытушысы Оразова Бакыт Оразовна, әдіскер Тұрысбекова Арайлым Есенгелдиновна, мейіргерлерге білім беру мектебінің әлеуметтік жұмыс жөніндегі декан орынбасары Онгарбаева Айман Игиликовна ұйымдастырды.

Мархаба Ахметқалиқызы латын әліпбине көшу туралы баяндама жасап, әрі білім алушылардың сұрақтарына жауап берді. Дөңгелек үстелде латын қарпіне көшу мәселесі талқыланды. Білім алушылар орта және егде жастағы адамдарға латын қарпінде жазуды үйрету, латын графикасындағы әдебиеттер мен оқулықтардың аударылуы, латын әліпбине ауысу кезінде фонетикалық дыбыстың өзгешеліктері мен қиындықтары туралы сұрақтар қойылды.Білім алушылар латын әліпбиінде диктант жазды. «Емдеу ісі» мамандығының 2 курс білім алушысы Әбілжан Динара өз өлеңін оқыды. Іс-шараға мейіргерлерге білім беру мектебінің білім алушылары Бердідиев Жандусбек, Тайбекова Индира, Мугинов Бағлан, Ормалдаева Ботагөз, Бекболат Мерей, Жастілек Дина, Құлмахан Зауре, Аузан Аружан, Ғабдуллина Камила, Касымов Диас белсене ат салысты.


0
3143

пікірлер

пікір қалдыру үшін.