Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстан тәуелсіздігіне 27 жыл

Қазақстан тәуелсіздігіне 27 жыл

20 Желтоқсан 2018

“Алтай мен Атыраудың, Сырдария 

мен Есілдің арасындағы еліміздің

жылнамасында алтын әріппен жазылған 

ардақты күн. Бұл күн өз тағдырымызға өзіміз 

қожалық етіп, өз болашағымызды өзіміз 

айқындауға қолымыз жеткен ұлы күн болды"

 Нұрсұлтан Назарбаев

Тәуелсіздік күні бүкіл әлемде мемлекеттіліктің негізін бейнелейтін маңызды мерекелердің бірі ретінде атап өтіледі. Қазақстан үшін Тәуелсіздік күні мемлекеттік егемендіктің идеясын бейнелеу ретінде тарихқа түсті. Бұл күннің маңыздылығы - Қазақстан халықтарының бірлігі сезімін күшейтеді және нығайтады. Жыл сайын желтоқсанда дәстүр бойынша көпұлтты Қазақстан халқы осы басты мерекені салтанатты түрде атап өтеді. Біздің университетіміз де қазіргі ұрпақтың отандық тәрбиесіне, жоғары патриоттық сезімді қалыптастыруға, өз елі үшін мақтаныш сезімін тудыруға үлкен мән береді.

Сонымен, 14 желтоқсанда Қарағанды қаласындағы балалар ауруханасында № 2 балалар аурулары кафедрасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған іс-шара өткізілді. Іс-шара В.В. Курилова және Р.Э. Жетпісбаева оқытушыларымен ұйымдастырылып, «Жалпы медицина» мамандығының 3 курстарының 3040 және 3008 топ студенттерімен дайындалды.  Студенттер Қазақстан даласының еркіндігі, халықтың рухани жомарттығы және қонақжайлылығы туралы, сондай-ақ ата-бабалардың ерлік даңқтары жайлы өлең шумақтарын оқыды. Сонымен бірге домбырада Құрманғазы Сағырбаевтың «Балбырауын» атты музыкалық композициясын 3-008 топ студенті Таласбаева Зарина орындады.                                                      

Студенттер желтоқсан айындағы оқиғаларға қатысушыларының ішінде болған Қайрат Рысқұлбеков жайлы сот процесіндегі көріністі көрсетті.                                                                               

1986 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Пленумы өткізілді. Күн тәртібінде тұрған ұйымдастырушылық мәселе - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысын сайлау болды. Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып зейнеткерлікке жіберілген Д.А.Қонаевтың орнына КПСС Ульянов облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып жұмыс істеген Г.В.Колбин сайланды. 1986 жылғы 17 желтоқсанда таңертең Алматыда жастардың демонстрациясы басталды, ол желтоқсан айында болған оқиғаға байланысты қабылданған шешімге (2 күнге созылған) наразылық білдірді. Қайрат Рысқұлбеков әділетсіз түрде сотталды және өлім жазасына кесілді, ол кейіннен жиырма жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қайтыс болғаннан кейін кінәсі алынып, кейіннен Қазақстандағы «Халық Қаһарманы» атағымен марапатталды. Біздің Отанымыздың тұрғындары үшін Қайрат Рысқұлбеков мәңгілік ұлттық күрес символы болып қала береді. 

Оның қайғылы тағдыры Қазақстандағы көптеген адамдарға әсер етті. Қайрат Рысқұлбековты еске түсіреді, онымен мақтанады, оны жас ұрпаққа үлгі етіп береді. Қайрат Рысқұлбеков - ұлттық идея үшін өз өмірін берген ұлы адам. Ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігіміз үшін құрбан болған ата-бабаларымыздың даңқты есімдері ел есінде мәңгі болуы қажет. Салтанатты іс-шара тарихи күндер негізінде шыңдық құбылыстарды түсінуге бағытталған, студенттерге Отанның тағдыры үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге ықпал етті. Концерттік бағдарламаның соңында студенттер біздің танымал жерлесіміз, талантты ақын А. Ахметбекұлының сөздеріне жазылған «Көк тудың желбірегені» патриоттық әнін шырқады.


0
3045

пікірлер

пікір қалдыру үшін.